Елдігіміздің Еңселі белгісі

13.06.2019ж

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 300-ден астам мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыға мемлекеттік

стандартқа сәйкес әлеуметтік, тұрмыстық, құқықтық, медициналық және өзгедей қызметтерді көрсететін ерекше сипаттағы облысымыздағы ең ірі әлеуметтік мекеме болып есептеледі.

   Жуырда осы мекемеде рәміздер күініне орай мерекелік шара болып өтті.  Мерекелік шараға орай безендірілген орталықтың гүлге оранған ауласының төрінде мемлекеттік рәміздеріміз айбынымызды асқақтатып тұрды.

   Орталық директоры, білікті басшы А.Раев айтулы шараға қатысушыларды мерейлі мемлекеттік мерекемен құттықтап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 конституциялық заңына сәйкес осы күннің тәуелсіз ел тарихында мемлекеттік  мереке  болып ел аумағында  ерекше  аталып өтетіні,   мемлекеттік    рәміздер  -   Ту,  Елтаңба,  Әнұран  туралы тартымды түсіндіріп, олардың еліміздің  беделі, тәуелсіздігіміздің символы екендігін, жүректері Қазақстаным деп соғатын әр азаматтың мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуі конституциямен белгіленгенін  айтып,  құттықтады.

     Құттықтау сөз соңы орталық қызметкерлерінің мерекелік флешмоб  көрсетуімен және мерекелік тақырыпқа сай әсерлі жыр шумақтарымен өрнектелгені ерекше тартымды көрініс болды. Қ.Айтбергеннің «Қазақстан - қыран далам», Е.Жукованың «Желтые тюльпаны», А.Әкебасованың «Анама хат», В.Кожемякиннің «Хмыльная сирень», М.Жасболаттың «Туған жер», М.Ноғаеваның «Туған өлке», Қ.Айтберген мен  Ж.Жасболаттың «Туған ел» әндері мен жас өнерпаз Г.Еркіннің «Қазақ биі», «Өзбек биі» мың бұралған билері мерекенің сән-салатаны мен мазмұнын ерекше түрлендіріп жіберді.

     Мемлекеттік рәміздер-елдігіміздің белгісі ретінде жүректерге  жарқын болашаққа деген сенімімізді нығайта түсті десек артық айтқандық болмас.

Б. Сәлімұлы.

Күнтізбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net