Ақ желеңді абзал жандар - алғыс иесіне айналғандар

13.06.2019ж

Әр мамандықтың өз қызығы мен шыжығы бары анық. Қызығынан гөрі қиындығы басым, жауапкершілігі мол сондай мамандықтың бірі – дәрігер мамандығы.

    Олар адамның ең басты құндылығы – денсаулық үшін аянбай тер төгіп, еңбек етеді. Өмір мен өлім арасында жатқан талай жанға қайта жарық сәуле сыйлап, бақытқа бөлейді. Сол сепбепті де осы сала мамандарын «Адам жанының арашасы», «Ақ желеңді абзал жан» деп жатады. Қалай атасақ та артық етпес. Дәрігерлерді құрметтеу - әр азаматтың борышындай. Өйткені, басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса осы жандардың көмегіне жүгінеміз

   Адамзат баласы үшін денсаулықтан бағалы еш нәрсе жоқ. Дені сау халқы бар, дені сау ұрпағы бар халық бақытты әрі ең бай мемлекет саналады. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің мерекесі ретінде салтанатты түрде аталып өтіледі. Олардың төл мерекесіне орай ауданымызда еңбек етіп жүрген білікті дәрігерлер  мен жас мамандар туралы ақпараттық мақаланы оқырмандарымызға жолдауды жөн көріп отырмыз.

     Жалпы, медицина саласы – жауапкершілігі мол, жүгі ауыр салалардың бірі. Сондықтан кез келген адам біліктілік пен аса шыдамдылықты талап ететін жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру оңай емес екендігін мойындайды. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігерлердің жұмыс барысында ешқашан қателеспеуі қажет. Сол себепті дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, үлкен ізденіс үстінде болуы, емдік шараларды жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс. Бүгінде адал еңбектерімен абырой тұғырына көтеріліп, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып жүрген ақ халатты абзал жандар көп. Ауданымыздағы орталық ауруханада аудан халқының салауатты өмір салты, мықты денсаулықтары үшін көптеген дәрігерлер қызмет атқарып келеді. Алдына науқастанып келген адамның ауруынан құлан таза айығып кетулері үшін күн демей, түн демей қызмет атқаратынын бірі білсе бірі білмес. Аталмыш ауруханада талай жыл қызмет атқарған өз ісінің нағыз мамандары еңбек етуде. Оларды халық танып, құрметтейді.

    Елбасымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты, ауруханада қызмет атқаратын жас мамандар жайлы әңгіме өрбітсек. Өйткені, еліміздің ертеңі - бүгінгі жас маманның, жас буынның қолында. Емханаға арнайы барып, ақпарат жинау барысында, талай жылдық еңбек өтілі бар мамандардан тәжірибе жинап, қазіргі дамыған технологияны меңгере отырып, өз ісін адал атқаратын, жауапкершілігі жоғары мамандар біздің ауданымызда көп екенін көріп қуанып қайттық. Қазіргі жас буын ескі жүйе құрсауымен жүрмейтін, еліне шын жаны ашитын патриоттар екендігін ұғындық.

    Науқастарға шарапат шуағын шашып,     біліктілігін белсенділікпен ұштастырып жүрген талапты жас дәрігерлер туралы баяндамақпыз. Оларды атап айтар болсақ:

    Нұраханов Жомарт Рахымқабылұлы 1989 жылдың 16 наурызында Сарытөбе ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда туған жеріндегі медицина саласының жандануы үшін еңбек етіп жүрген маман. 2013 жылы  хирург  маманы болып жұмысқа орналасқан ол бүгінде осы бөлімнің меңгерушісі (2017 жылдан бастап) болып қызмет етеді. Жұбайы Индира Абденова аудандық аурухананың телімдік терапевті.

    Марипов Жигер Салкенұлы 1987 жылы 8 қыркүйекте Үлкен-шыған ауылында туылған. 2015 жылдан бастап аудандық емханада травматолог дәрігері болып жұмыс атқарады.

    Маисов Бейімбет Айтуғанұлы 1985 жылы 22 қарашада Нағарашы ауылында дүниеге келген. 2016 жылдан бастап аудандық емханада хирург болып қызмет атқаруда.

    Имадиев Ақыл Исатайұлы 1992 жылы 10 қаңтарда Көктал ауылында дүниеге келген, 2016 жылы аталған емханаға хирург дәрігері болып жұмысқа тұрып, қазіргі уақытта осы ауруханада тәжірибе жинау үстінде.

     Сыдыкова Эльмира Жеңісқызы 1991 жылы 16 қазанда Жаркент қаласында дүниеге келген. 2016 жылы аудандық аурухананың жедел-жәрдем бөлімінде еңбек етсе, 2018 жылдан бері терапия бөлімінде дәрігер ординатор болып  қызмет  етуде.

    Иса Айнұр Бақытқызы 1992 жылы 19 тамызда Жаркент қаласында дүниеге келген. 2014 жылдан бері аудандық балалар емханасының  психологы болып  жұмыс  істеп  келеді.

    Илиева Алинұр Қасымжанқызы  1990 жылы 12 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2018 жылдан бастап аудандық емхананың балалар бөлімінде педиатр болып қызмет атқарады.

    Айдар Айдана Айдарқызы 1991 жылы 6 мамырда Жаркент қаласында дүниеге келген. 2015 жылдан бастап орталық ауруханада терапевт болып қызмет атқаруда.

    Мұсаева Аида Маулетханқызы 1990 жылы 1 ақпанда Жаркент қаласында дүниеге келген. Аудандық емхананың терапевт дәрігері. Жалпы еңбек өтілі 2 жыл 6 ай.

    Рахманбекова Алтын Ахметқызы 1989 жылы 20 қазанда Талдықорған облысында дүниеге келген. 2016 жылдан бастап аудандық ауруханаға жұмысқа қабылданып, қазіргі таңда Нұркент дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі дәрігер және меңгеруші болып еңбек етеді.

    Дуакасова Айдана Батырханқызы 1993 жылы 8 наурызда Алтыүй ауылында дүниеге келген. Аудандық орталық емханада 2017 жылдан бастап жұмысын бастаған. 1 жыл Нағарашы ауылында жалпы тәжірибелі дәрігер ретінде жұмыс жасаған. Қазірі таңда Үлкеншыған дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі дәрігер және меңгеруші болып қызмет атқаруда.

    Жұмабекова Айида Сейітқызы 1992 жылы 21 маусымда Жаркент қаласында дүниге келген. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Панфилов аудандық ауруханасы, Үшарал дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі дәрігер және меңгеруші болып қызмет етеді.

    Саитов Азиз Вамирянұлы 1983 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келген. 2013 жылдан бастап кардиолог және функционалды  диагностика дәрігері  болып  жұмыс  істейді.

    Жоғарыда аудандық орталық аурханада еңбек етіп жүрген білікті мамандардың біразының өмір жолы мен есімдерін атап өттік. Бұдан басқа осы емханада және ауылдық елді мекендерде еңбек етіп жүрген  жас мамандар көп.  Олардың әрқайсысы өз біліктіліктерін шыңдап, еліміздің ертеңі үшін, ел халқының мықты денсаулықтары үшін қызмет атқарып, халықтың құрметіне бөленіп жүрген өрендер. Ал, халықтың құрметіне бөлену – елге ерінбей еңбек еткен адамға ғана тән нәрсе емес пе? Бұл жерде адамгершілік дейтін ең асыл қасиеттің керек екендігі айтпасада түсінікті шығар. Адал еңбек ету қажеттіліктен туындамайды, ол үлкен азаматтық жауапкершіліктен туындайды дейтін болса, бүгінгі толқының өкілдері үшін ең қажетті іс – ол адал еңбек ету. Ендеше, жауапкершілік жүгін сезінетін, өз ісінің нағыз мамандары көбейе берсін. Дәрігер деген қастерлі мамандықты таңдаған әрбір жан өзінің лайықты мақтауын алсын. Олардың барлық істеріне шыдамдылық тілей отырып, төл мерекелерімен құттықтаймыз! Ақ халаттарыңдай адал, абыройлы болыңдар абзал жандар.

 Ақмарал ХАМЕТЖАНОВА.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839857