Шымкент қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Түркістан облысының ҚХА бірлесіп ұйымдастырған көмегі туралы

25.06.2019ж

М. О. Қалмұратовтың төрағалығымен Арыс қаласына көшірілгендерге көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды.2019 жылы 24 маусымда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтарды көшіру үшін Арыс қаласына автобус жіберді.

 

Шымкент қаласының этномәдени орталықтары алғашқы қажетті көмек көрсетті:

Славян этномәдени орталығы тұрғындарды көшіру үшін 5 автобус пен 2 жүк көлігін жіберді,

Корей этномәдени орталығы түске дейін бір газелмен ауыз су жөнелтті, түстен кейін 3600 бөтелкемен, сондай-ақ, 3005 литрлік бөтелкелермен штабқа жеткізді.  

Өзбек этномәдени орталығы 30 адамды тұрғын үймен және азық-түлікпен қамтамасыз етіп, 150 адамға палау дайындады, сондай-ақ, Хамза атын. №53 мектепке эвакуацияланған адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз етті, қосымша 50 дана төсек-орын жабдықтары берілді.

Ұйғыр этномәдени орталығы Нұрсат ықшам ауданындағы эвакуациялық пунктіне 1000 гамбургер жіберді.

Түрік этномәдени орталығы таңертең 1 КамАЗ су мен тамақ жіберіп, №52 мектепке көшірілгендерді азық-түлік өнімдерімен, ауыз сумен және памперстермен қамтамасыз етті, сонымен қатар штабқа 30 жәшік қияр жіберді. №56 және №87 мектептердегі мұқтаж жандарға көмек қолын созды.

Татар-башқұрт орталығы штабқа азық-түлік өнімдерін (макарон, ұн, жұмыртқа) әкелді.

Штабқа адамдар келіп, өз көмегін ұсынды, соның ішінде:

облыстық ҚХА кеңесінің мүшесі Ә.Досболов эвакуацияланғандар пункті – №53 мектепке орналастырылғандарға 100 лотокқа жуық жұмыртқа жеткізді;

Зиябиддин Мирзаев 26 адамға түнеуге орын тауып берді;

кәріс отбасы «Ақ-мешітке» орналасқан 80 отбасын ыстық сумен қамтамасыз етті.

Шымкент қаласының тұрғыны Ассамблея штабына 2 пакет заттар мен тұздалған азық-түлік әкелді. 

Көмек көрсету акциясына жастар белсенді қатысуда. Олар өз автокөліктерімен келіп, тасымалдауға көмек көрсетуде.

Түнгі сағат 12 - де Төлеби ауданынан Ассамблея жастар қанатының мүшелері штабқа 200 нан жеткізді, оның 100-і бірден орталық мешітке жөнелтілді.

 

25 маусымда акция қарқыны одан ары артты.

Өзбек этномәдени орталығы 1000 адамға дастархан жайды; штабқа 1000 шелпек жеткізілді.

Шешен-ингуш орталығы штабқа ұнтақ, сабын, тіс пастасы мен щеткалар, басқа да гигиена заттарын жеткізді.

Иран этномәдени орталығы сабын, ұнтақ, дәретхана қағазын жеткізді.

Тәжік облыстық этномәдени орталығы даштабқа жеке гигиена құралдарын әкелді.

Абай ауданының түрік этномәдени орталығының төрағасы бірнеше отбасын «Қызылжар» ауылы тұрғындарының үйлеріне орналастырды.

Нақты, мақсатты көмек көрсету үшін этномәдени орталықтар эвакуация пункттерін, яғни мектептерді өзара бөліп алған.

«Дустлик» өзбек қауымдастығы № 61, 53, 54 мектептерде (эвакуацияланған адамдар саны 600 адам) көмек көрсетуде. Олар Түркістан қаласында қарт адамдар үшін 200 орын дайындады, сондай-ақ, тамақтандыру қарастырылған 200 орындық балабақшамен қамтамасыз етті.

Түрік этномәдени орталығы № 56, 87 мектептерде көмек көрсетеді (эвакуацияланған адамдар саны 207 адам).

Ұйғыр орталығы №26 мектепте (көшірілгендердің саны 227 адам)

Грузин этномәдени орталығы № 1 мектеп-интернатта (көшірілгендердің саны 207 адам)   

Әзірбайжан этномәдени орталығы №60 мектепте (көшірілгендердің саны 50 адам) көмек көрсетуде.

Күрд облыстық этномәдени орталығы эвакуацияланған отбасын 2 бөлмелі пәтерге орналастырып, тамақтандырды.

Өзбекстан Республикасының Елшілігі 1000 адамға қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды.

Арыс қаласының эвакуацияланған тұрғындарына қажетті заттарды жинап апару жұмыстары жалғасуда:

Славян этномәдени орталығы штабқа азық-түлік, жеке бас гигиенасы, киім-кешек жіберді.

Сондай-ақ, алғашқы көмек көрсету үшін республиканың облыстарынан қоңыраулар келіп түсуде. Бүгінгі таңда облыс өкілдеріне Түркістан облысына ақша жинау үшін бірыңғай шот ашылғаны туралы хабарланды.   

Көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4839826