Халық пен билік арасындағы алтын көпір
- Толығырақ
- Жарияланды 05.07.2019 04:15
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1517
05.07.2019ж
Аудан әкімі Темірлан Бектасов БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық және аудандық тілшілерді қабылдады.
Халық пен билік арасында дәнекер болып жүрген журналистерді аудан басшысы мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Өз сөзінде Темірлан Бектасов ауданымыздың жаңалықтарын облыс, республикаға шығарып, ақпарат айдынында қаламы мұқалмаған баспасөз саласының майталмандарына дән риза екенін жеткізді. Әкімнің қабылдауында болған аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы, облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі Мырзағали Нұрсейітов, "Орбұлақ" газетінің бас редакторы Ерғазы Манапұлы, "Жаркент өңірі" газетінің бас редакторы Бағдат Айтмұқаева, "Огни Алатау" газетінің тілшісі Асел Мұқашева ел игілігі жолында еңбек ететіндерін жеткізді.
Сондай-ақ, облыстық "Жетісу" газетінің тілшісі Мырзағали Нұрсейітов журналистер атынан аудан әкіміне алғысын білдірді.
Аслан Қалибеков,
аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы.