ЕКІ АЙ БҰРЫН АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН 6 БҮЛДІРШІНДЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 26.07.2019 04:07
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1294
26.07.2019ж
Елімізде жомарт жандар аз емес. Алматы облысы Еңбекшіқаақ ауданы, Түрген ауылында осыдан 2 ай бұрын анасынан айырылған 6 бүлдіршіннің жан-айқайына бей-жай қарамаған Республикамыздың жомарт жандардың бірі Эльмира Ешниязованың бастамасымен, қайырымды жандардың қолдауымен, Жумадилов Мурат ағаның отбасына күні кеше ғана Жаңашар ауылдық округінде 5 бөлмелі үйді сыйға тартты.
Бала-шағасымен жаңа үйге қоныс аударған әке «Барша халқыма алғысым шексіз, Түрген а/о аппаратына жұбайымның қайтыс болған күнінен бастап қолдап жүргендеріне, алғашқы көмек көрсеткендеріне, Эльмира ханымның бастамасымен басталған жүйелі жұмысқа ризашылығымды білдіремін. Бала-шағасының қызығын көріп, көп жасасын» деп ағынан жарылды ағамыз! Басына түскен қиындықты елі боп көтергеніне Мұрат Бұланбайұлының қуанышында шек жоқ.
Көпбалалы Жумадиловтар отбасы бұған дейін Түрген ауылындағы 2 бөлмелі жұпыны үйді 15 мың теңгеге жалға алып келген болатын. Қайғысына ортақ болған ауылдық округ әкімшілігі, ауылдың ізгі ниетті тұрғындары тарапынан алғашқы көмек көрсетілген болатын. Сонымен қатар биылғы жылдың 17 сәуірінен бастап марқұм Косаева Назира 6 баласына 150 274 теңге мөлшерінде жаңартылған МАӘК тағайындалып, тұрақты алып келе жатқан.
Қоныс тойларына Түрген а/о әкімінің уақытша міндетін атқарып жатқан Карибаев Ержан Серікұлы келіп құттықтап, көрімдік тарту етті. Ауыл тұрғындарынан жиналған қаражат пен азық-түлік қоса берілді. Жумадиловтардың отбасындағы баланың ең үлкені 8 сынып оқушысы болса, ал ең кішісі болса 7 айлық бүлдіршін. Бұған Жаңашар а/о әкімшілік қызметкерлері де қолдан келгенше көмек береміз деп отыр.
Айта кету керек, жыл басынан бері кәсіпкерлердің қолдауымен Еңбекшіқазақ ауданында 2 отбасы баспаналы болды. Жалпы аудан бойынша 9 мыңғы жуық көпбалалы отбасы бар. Оның 141 көпбалалы отбасы тұрғын-үй кезегінде тұр. Алдағы уақытта Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес аталмыш отбасыларға Еңбекшіқазақ ауданында тұрақты көмек көрсетілетін болады.