Жарты миллионға жуық турист келді

26.07.2019ж

Табиғаты тамсандырған Жетісу өңірінің ең көрікті мекендерінің бірі – ақ айдынды Алакөл жері. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Соынмен қатар әлемдік Қызыл кітапқа енген реликті шағаланы тек осы маңнан кездестіре аласыз.

«Өткен жылы ауданда туризм саласы бойынша  214 демалыс орнында 1 млн 19 мың  адам демалып, оларға 5 млрд.811 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Биылғы жылдың жаз маусымындағы 1 шілдеге дейінгі көрсеткішке сүйенетін болсақ, 393 мың 500 адамға 2 млрд 361 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Жазғы демалыс маусымының қызықты мезгілі енді басталғанын ескерсек, бұл сан алдағы уақытта еселене түсері анық», – дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев.             

          Расында, Алакөл аумағы орналасу жағынан туризмнің барлық түрін қамтиды. Сондықтан көптеген турист Алакөлдің емдік суына шомылу үшін және тартымды демалыс ұйымдастыру үшін ағылады.

         2018 жылы Алакөл ауданы аумағындағы демалыс орны 214-ті құраса, биыл 998 млн.теңге инвестицияға 30 нысан қосылып, барлығы 244-ке жетті.

         Бюджеттік бағасына тоқталатын болсақ, адам басына тәулігіне 3000-6000-ға дейін. Ең төменгі баға – 2700 теңгені құрайды.

         ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымын дамыту және Ақши ауылында туристер үшін қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмасын орындау мақсатында алдыңғы жылы көл жағалауында құйылған инвестиция көлемі 4 млрдты құрайтын, жылына 30 мың адамды қабылдай алатын көп функционалды бес жұлдызды «Көктем Гранд Ресортс» қонақ үй кешені ашылған болатын. Сонымен бірге туризмді одан әрі дамыту мақсатында Үшарал қаласының кіре берісінде «Үшарал» әуежайы ашылып, Талдықорған-Өскемен-Қалбатау тас жолы қайта жаңғыртудан өткізілуде. Сондай-ақ демалуға келетін туристтерге қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігі Жетіген-Достық-Жетіген теміржол қатынасын субсидиялауды жоспарлап отыр. 2018 жылы Алакөлге демалуға келген туристтер саны 1 млн.нан асса, 2019 жылы бұл көрсеткішті 1 жарым млн.ға жеткізу көзделіп отыр.

          Алакөл туралы таңды-таңға ұрып баяндай беруге болады. Алайда мүмкіндігіңіз болса ең болмаса бір рет өз көзіңізбен көргеніңізге не жетсін!? Уақыт тауып Жетісу өңіріне, Алакөлге саяхаттаңыз!

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840344