«Қазақстан - ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені»

26.07.52019ж

Шілде айының 24-і күні Үшарал ауылында «Қазақстан-ұлтаралық келісім мен тұрақтылық мекені» атты кездесу өтті. Ауыл тұрғындарымен болған кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Мейрамбек Рахымбаев,

«Жетісу» жастар ұйымының конгресі, жастар бірлестігінің өкілі Дәулет Ауғанбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Илипов, аудандық жастар ресурстары орталығының маманы, кәсіпкер Алмас Батырхан қатысып, ашық әңгіме өткізді.
    Бұл кездесуде ұлтаралық мәселелермен қатар мәдениет, экономика, әлеуметтік сала мен діни бағыттар бойынша да мәселе қамтылды.
    Шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Күлғайша Бердіғұлова, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, медиатор Асқар Айпов, ауылдағы келісім кеңесінің төрағасы, Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» Талғат Ибраймов, зейнеткер Әбдірахым Мейірбеков тағы басқалар сөз алып, «Қазақстан-ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені» атты кездесуде өз ойларын ортаға салды.
      Ұлтаралық қатынас туралы осындай шара ауданымыздың барлық округтерінде өтті.
Ж.Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Тамыз 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

booked.net