КОРЕЙ ДИАСПОРАСЫ КЕҢПЕЙІЛ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

29.07.2019ж

Бүгін Қаратал ауданының Бастөбе жотасының бөктерінде барша жер аударып келген кәріс ұлтының алғысын білдіретін «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументтің жанында Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикаларының арасындағы дипломатиялық, стратегиялық әріптестіктің орнатылуының 10 жылдығына арналған митингі болып өтті.

    Осынау іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямұлы, ҚР мәжіліс депутаты Ким Роман Ухенович, аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы , Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су , Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының президенті Сергей Огай және этно-мәдени бірлестік мүшелері, аналар кеңестерінің төрағалары мен аудан жұртшылығы қатысты. Көпшілік тарихқа тағзым, өткенге құрмет ретінде монументке гүл шоқтарын қойды.
     Салтанатты ашылуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямұлы «-Құрметті қараталдықтар! Құрметті қонақтар! Зұлматты 1937 жылдары зорлықпен жер аударылған мыңдаған халықтарға құтты қоныс болып, сүйікті отанына айналған қасиетті Қаратал жеріне қош келдіңіздер! Бұрынғы Кеңес өкіметінің саясатымен республикаға әр жылдарда бірнеше толқын жер аударылған біртұтас халықтар қазіргі заманғы Қазақстандық көпұлтты отбасының үлгісі болып табылады. Биылғы жылы біз корей ұлты өкілдерінің Қазақстанда қоныстанып, өмір сүріп жатқанына 82 жыл, - деді. Сондай-ақ сөз алған Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су сонау қиын-қыстау кезеңде кәрістердің өмір сүруіне, бейімделуіне әсер еткер бірнеше факторды атап өтті. Шарада облыс әкімінің алғыс хаттары табысталып, сондай-ақ Қаратал ауданының әкімі Қайрат Найманбайұлына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ким Роман Ухеновичтің алғыс хаты табысталды. Салтанатты шарада мектеп оқушылары әдеби монтаж ұсынды. Осыдан соң шара Кемел Токаев атындағы орта мектебінде жалғасын тапты. Делегация өкілдері Кемел Токаев мектебіне ат басын бұрып музеймен танысып көрмені тамашалап мектеп ұжымына сыйлықтарын табыс етті.


Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131590