Озық технология жетістіктері

16.08.2019ж

Жазиралы Жаркент жерінде «Дала аруы» атанған жүгері дақылының бітік өсетіні баршаға аян. Соңғы жылдары диқандар жүгеріні агротехникалық ережелер бойынша күтіп-баптап мол өнім алудың жолдарын іздестіруде.

Сондай-ақ жаңа техникалар мен озық технологиялардың да жақсы нәтижелері байқалуда. Атап айтқанда «Көкталагрода» 560 гектар алқап тамшылатып және жаңбырлатқыш агрегатымен суарылады. Нәтижесінде мол өнім алуға қол жеткізіп отыр.
     Бүгінгі таңда 300 гектар алқаптағы жүгері тамшылатып суару арқылы бітік өсуде. Ал шабындықтармен көп жылдық мал азығы «Зиматик» деп аталатын америкалық агрегатпен суарылып, су үнемді пайдаланылуда. Сондай-ақ мол өнімге қол жеткізуде. Өңіріміздің ауыл шаруашылығы заманауи жаңа технологиялық әдістермен жұмыс істеп, биік межеге қол жеткізіп келеді. Бұл жетістікке ауданымыздағы қоғамдық келісім Кеңесінің қосқан үлесі де қомақты.
    Аудандағы қоғамдық келісім кеңесінің құрамында бүгінгі таңда 18 адам бар. Олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады және ауыл шаруашылық жұмыстарының өркендеуіне де өзіндік ықпал етуде.

     Қазақстан халқы Ассамблеясының бір бөлімі қоғамдық келісім кеңесі. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері ауданда агроөнеркәсіптік салада жаңа технологияларды ілгерілету жұмыстарына қатысып, дамуына қолдау көрсетіп келеді.
     Жуырда кеңес мүшелері Ш.Тұрғанов, М.Илипов және А.Коляда ауыл шаруашылығы мамандарымен бірге «Көкталагроның» егіс алқабында болды. Олардың жұмыстарымен танысып, мамандарымен пікір алысты. Олардың ішінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Т.Кішкенебаев, «Көкталагроның» агрономы М.Қадыров, бригадир П.Момзоркиндер өз ойларымен бөлісті.
Жұмағазы Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130611