Апатпен арпалысқандар

23.08.2019ж

Өкінішке орай өрт сөндіру барысында 3 адам көз жұмып, 7 адам жарақат алған болатын.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 14 тамыздағы №115 Жарлығымен қызметтік борышын орындау кезінде ерлігі мен қайсарлығы үшін берілетін мемлекеттік награда «Ерлігі үшін» медалі қапылыста көз жұмған Айтқазы Немелтаев, Қанат Үсенбеков, Еркінбек Оспановқа берілді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2019 жылғы тамыздағы №423 бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен Жаркент орман шаруашылығының жұмысшылары Ленур Иманбаев, аудан тұрғыны Сәкен Қайратов, Жаркент орман шаруашылығы басшысының орынбасары Бауыржан Түйебаев, орманшылар Бақтыбай Рахимжанов, Бауыржан Торғаевтар марапатталды.
    Аталған наградаларды ауданымызға арнайы келген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында көпшілік алдында өз қолымен табыс етті.
Облыс әкімі А.Баталов қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Осындай ерлікпен қызметтік борышын өтеу жолында азаматтарымыздың құрбан болуы бір отбасының ғана емес, күллі елдің қабырғасын қайыстырғанын жеткізді. Сондай-ақ жарақат алғандардың жағдайларымен де танысып қайтты.
    Облыс әкімі А.Баталов қайтыс болған азаматтардың отбасына барынша көмек көрсетілетіндігін де атап өтті.
    Шара барысында Шәріпхан қажы Тұрғанов қайғылы отбасыларына басу айтып, сабырға шақырды.
Ж. Бейсебек.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840339