Жоба жүзеге асырылуда
- Толығырақ
- Жарияланды 23.08.2019 10:46
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1322
23.08.2019ж
Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жетісу-адалдық алаңы» жобасын іске асыру барысы туралы баспасөз мәслихаты өткен болатын.
«Жетісу-адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты - сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, Алматы облысындағы мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту.
Жобаны жүзеге асыру аясында бүгінгі күні «Жетісу-адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойылып, нәтижесінде Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында арнайы жабдықталған жобалық кеңес құрылды.
Бұл іс біздің ауданымызда да жалғасын табуда. Ауданымызда 15 адамнан тұратын лекторлық топ құрылып, аудан әкімі Темірлан Бектасовпен жұмыс жоспары бекітілді.
Жуырда аудан әкімдігінде «Жетісу-адалдық алаңы» жобасының іске асырылу барысы жөнінде жұмыс тобының жиыны өтті. Онда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі М.Илипов хабарлама жасап, жобаның іске асырылу барысы жөнінде баяндады.
Сондай-ақ алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Ж.Нұрақынұлы.