Талғарда кішігірім арбат ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 27.08.2019 03:36
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1370
23.08.2019ж
Ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша, қоғамдастық мүшелерінің шешімімен ағымдағы жылдың мамыр айында Гүлдала ауылындағы Сейфуллин көшесінде саяжол құрылысы басталып, тамыз айының 23-ші күні қолданысқа берілді.
Аталған саяжолға балалар ойнайтын алаң, спорт құрылғылары, тұрғындар дем алатын орындықтар және ерекше дизайнмен салынған заманауи электр диодты жарық шамдары орналастырылды.
Сонымен қатар, саяжолға бірнеше ағаш түрлері отырғызылып, гүлдер егілді. Жүру аумағында заман талабына сәйкес түрлі түсті тас төсеніштер салынып, балалар ойнайтын аумаққа арнайы қауіпсіз қызыл түсті резеңке төсеніштер және жасанды шөп төселді.
18 орындық, 15 қоқыс жәшігі, 4 алтыбақан, балалар жасына қарай 2 ойын қалашығы, 1 сырғанақ, 5 тренажер бар.
Ұзындығы 220 метрді құрайтын саяжолдың құрылысына жалпы 19 млн 555 мың теңге кетті. Барлық қаражат жергілікті ауыл әкімшілігінен бөлінген.
Саяжолдың жобасы мен эскиздік суреттерін және сметалық есебін «Фламинго» ЖШС жасады. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Арыстан құрылыс фирмасы» ЖШС атқарды.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Рыскелді Сатбаев бұл саяжолдың қоғам үшін, әсіресе жергілікті тұрғындар үшін тамаша демалыс орнына айналатынына сенім білдірді.