Құралай Нұрқаділова табысқа жетудің құпияларымен бөлісті

29.08.2019ж

Белгілі дизайнер, психолог, стилист, коуч-тренер Құралай Нұрқаділова Жетісулық қыз-келіншектермен кездесті. "Қазіргі заманғы қазақ әйелінің рөлі" атты шеберлік сабағын өткізіп, табысқа жетудің құпияларымен бөлісті.

Тренингте әкімшілік басқару ісіне, адамдармен дұрыс қарым-қатынас құру, мақсатқа жетудің әдістері кеңінен әңгімеленді. Құралай Заманбекқызы өзінің еңбекқорлығы мен іскерлігінің, табандылығы мен шыдамдылығының арқасында өнердің асқаралы шыңын бағындырып жүр. Өмірдің кедергілері мен қиындықтарына қарамастан, жетістікке жетудің басты қадамы - еңбек екенін алға тартады. Мейлі, қай қызметте болсын мақсатқа жету жолында талмау қажет - дейді. 

         «Бүгінде мен бизнесті неден бастау керек, жетістікке жету жолдары, өз-өзіңмен жұмыс жасау секілді бағытта шеберлік сабақтарын өткізіп жүрмін. Себебі мұның барлығынан мен өзім өткенмін. Тәжірбиемен бар, дәрістер де алдым. Тек психолог ретінде ғана емес, дизайнерлік ісім де ілгері жүріп жатыр. Шет елдермен келісішарт жасасып, ірі жобаларды қолға алдық. Сонымен қатар, жақында жаңа сән үлгілері жарық көретін болады. Болашақта Жетісу жеріндеде саудалайтын боламыз»,-деді Қ. Нұрқаділова.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840413