Панфилов ауданында тұрмысы төмен отбасы баспаналы болды

06.09.2019ж

Бұған дейін 5 баласымен пәтер жалдап жүрген Басқұншы ауылының тұрғыны Айдын Боранбайдың отбасына кәсіпкерлер 6 бөлмелі үй алып берді. Қуанышты отбасыға жаңа үйдің кілтін тасырған аудан әкімі Темірлан Бектасов қоныс тойымен құттықтап, үй иелеріне сый-құрмет көрсетті. 

 

Бүгінге дейін ауданымызда 13 көп балалы отбасы баспаналы болды. Бұйырса, жылдың соңына дейін осындай 20 отбасыны қуантпақпыз. Барлығы кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып жатыр,- деп сөзін қорытындылады аудан басшысы.

Мен көп балалы отбасында өстім. Әкеміз әрдайым осындай отбасыларға қолдау көрсету керектігін айтып отыратын,-дейді кәсіпкер Ризван Сакиова. Кәсіпкердің айтуынша үйге қосымша жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ішіне жиhаздарды бірге сатып алып берген. Әзір осы ауылдан 7 соттық жер алдық. Енді алдағы уақытта тағы баспанаға мұқтаж көп балалы жанұяға үй салып береміз,-деді кәсіпкер.

Ал, үйдің кенжесі Ербосынның қуанышында шек жоқ. Өзімен тетелес өскен інісі Нұрбосын да жаңа үйге кіргеніне ерекше қуануда. Балаларының қуанышына қарап көзіне жас алған Жанардың қайырымды жандарға алғыстан басқа айтары жоқ. 
Ауданның әкімі келіп ең қуанышты сәтімізге ортақтасты. Балаларымды білімді, қайырымды етіп тәрбиелейтін боламын,-дейді көп балалы ана.

Айта кету керек, биыл Панфилов ауданында 40 отбасыға мемлекет үйдің кілтін тапсырса, соның 26-сы көп балалы және аз қамтылған отбасылар.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840487