Баспаналы болды
- Толығырақ
- Жарияланды 20.09.2019 04:28
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1241
20.09.2019ж
Сұптай ауылында жалғыз басты төрт балалы ана баспаналы болды. Жеке шаруа қожалығының басшысы Тасқын Жапарқұл Жазира Мұқаеваға бес бөлмелі үй салып берді.
Жаңа үйде ішкі жиhаздар, қажетті дүниелердің бәрі бар. Баспана кілтін тапсырған аудан әкімі Талғат Өмірәлиев кәсіпкерге алғысын білдірді. Балаларды қуантатын кәсіпкерлер көп болсын. Біз барлық жағынан көп балалы және тұрмысы төмен жанұяларға көмек етуіміз керек. Сіздермен осындай қуанышты бөліскеніме ризамын,-деді аудан басшысы.
Балалардың оқу-құралы басқа да жабдықтарына көмектесетінін жеткізген кәсіпкер алдағы уақытта тағы да бірнеше тұрмысы төмен отбасыларға көмек ету жоспарда екенін айтты.
Жаңа үйге жаңа әкімнің келуін жақсылыққа балаған Жанар балаларының болашағынан үміт күтетінін, қайырымды болуға тәрбиелейтінін жеткізді.
Айта кету керек, бұл ауданымыздағы кәсіпкерлердің көп балалы отбасыларға сыйлаған 14-ші үйі.
Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы