Алматы шыңын жастықтың жалыны бағындырды

24.09.2019ж

«Параға емес – биікке ұмтыл» ұранымен Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері «Үлкен Алматы шыңын» бағындырды.  Аталмыш іс-шараны Алматы облысының әкімдігі мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды.

 

Шара барысында 50 адамнан құралған топ теңіз деңгейінен 3682 метр биіктікте  орналасқан Үлкен Алматы шыңына көтерілді.
Шара   мақсаты-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жат мінездердің алдын алу, қызметкерлердің спорттық шеберліктерін және  жан – жақты дайындықтарын арттыра отырып, еліміздегі туризмді дамыту.
- «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға әрбір жас белсене ат салысуда. Бұл орташа таудың жоталарына шықсаңыз табиғаттың шеберлігіне таңқаласыз. Көк күмбезеге таласа бой көтерген зеңгір таулар, тау-тасты жарып аққан бұлақтар, жылғалар, қалың қарағай, шырша, аққайың аралас ормандар, бәрі-бәрі тамаша. Осының бәрін өз көзіңмен көру бір бақыт»,-дейді Алматы облыстық департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев.
Биіктікті бағындыруда алғашқылардың бірі болып жеткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкері Назерке Куржикбаева шыңға шыққандағы ой-сезімін, көңіл-күйін білдірді.
- Мен мұндай биіктікті өмірде бағындырамын деп ойламаппын. Таң сәріден жолға шығып, тауға қарай түрлі айналмалы жүрістегі жолдармен жүрдік. Жолдың тым ауыр екендігін байқадық. Дегенмен де, таудың адамды тарататын бір қасиеті бар секілді. Қанша алыс, әрі тым биікте болса да, биікке өрлеуден іштей тартынбадық. Соның нәтижесі болса керек, 3600 метр биіктікке жетудің бақыты бұйырыпты. Мұнда өзінді бір ерекше сезінеді екенсің. Негізі таудың бір ерекшелігі бар. Мұнда оттегінің жетіспеушілігі анық байқалды. Әрі ағзаға ауыртпашылық түсіреді. Тіпті, температураның өзі төмендеу. Мен үшін өмірде таудағы осы сапар ұмытылмас естеліктер болып қалмақ.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130022