«Жаркентте жампоз өткен Мәлік атты...» кітабының тұсаукесері өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 26.09.2019 04:00
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1228
26.09.2019ж
20- қыркүйек Кішішыған ауылдық мәдениет үйінде тарихшы-этнограф, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз, «Панфилов ауданының құрметті азаматы» Балғабаев Мәлік Рақымбекұлының өмір жолына арналған журналист Нұрәділ Бегімбетовтың «Жаркентте жампоз өткен Мәлік атты...» кітабының тұсаукесері өтті.
Тұсау кесер кешіне «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Қ. Досмайлов, Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі М.О. Оспанбеков, кітап құрастырушы журналист, тілдер бөлімінің бас маманы Нұрәділ Бегімбетов, Мәлік Балғабаевтың жұбайы Шолпан Мұқашқызы және туған-туыстары мен жолдастары, Панфилов аудандық «қазақ тілі » қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исламғали Үркімбайұлы, ауыл тұрғындары, Панфилов аудандық кітапхана ұжымы, округ кітапханашылары қатысты. Кеште Мәлік Рақымбекұлының өткен өмірі мен қызметінен еңбек ардагері «ҚР Мәдениет қайраткері»,«Панфилов ауданың Құрметті азаматы» Шәріпхан қажы Тұрғанов, еңбек ардагерлері Ш. Келдібеков, Т.Ибраимқұлов, Ө.Кариев Мәлік Рақымбекұлының өмір жолымен қызметінен естеліктер айтты. Кішішыған ауылдық кітапхананың жас оқырмандары аудан ақындарының арнау өлеңдерінен жыр шумақтарын оқып, ауыл өнерпаздары ән-жырларын арнады.«Дара туған даналар» тақырыбында кітап көрме жасалынып, оқырмандарға, қонақтарға таныстырылды.
--