Еңбек бәрін де жеңбек

04.10.2019ж

2 қазанда  аудандық Мәдениет үйі  ғимаратының алдында   «Еңбек күні» мерекесі ұйымдастырылды. «Еңбек күні» мерекесін аудан  әкімінің орынбасары  Шухрат Құрбанов   ашты.

 

       Шухрат Бұрхандинұлы барлық мерекеге қатысушыларды, аудан екбеккерлерін «Еңбек күнімен» құттықтап,  жұмысшы кәсіптерінің мәртебесі мен дербестігін арттыру, отбасылардағы жұмысшы әулеттерінің дәстүрлерін қайта жаңғырту, еңбек өнімділігін ынталандыру, жастарды жұмысқа тарту,  еңбек ұжымдарын біріктіру және  жас ұрпақ арасында еңбек мәдениеті дәстүрлерін жандандыру қажет екендігін айтты. 

                Бұдан соң  аудан әкімінің орынбасары  Ш.Құрбанов үздік еңбек еткен еңбеккерлерге «Алғыс хаттарын»  табыс етті.

                 «Диана» жоғарғы медициналық колледжінің тәрбие жұмыс  менеджері Б.Қасенова, Алматы облысы кәсіподақтар орталығы  аудандық  филиалының өкілі  Б.Жазылбекова, жас кәсіпкер А.Еркебаева, Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығының маманы А.Батырхан  сөз сөйлеп көпшілікті мереке қуанышымен құттықтады.

        Мерекеге қатысушылардың назарына концерт, флешмоб, мамандықтар бойынша колледждердің студенттері көрініс көрсетті,  аудан кәсіпкерлері мейрамға қатысушыларды өздерінің  өндірген өнімдерімен таныстырды. Осы мерекеге байланысты  бос жұмыс орындар   жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жұмыс берушілер 210 бос жұмыс орнын  ұсынды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті.

А.Жақыбай,

 аудандық  жұмыспен қамту

және әлеуметтік  бағдарламалар

бөлімінің  басшысы.    

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 722369