Жаңа спорт алаңы саябаққа сән берді

10.10.2019ж

Қазан айының 8-і күні Көктал ауылының орталық саябағында спорт алаңының ашылу салтанаты болды. Шараға ауыл тұрғындары, оқушылар мен балабақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндер, сондай-ақ алыс-жақыннан шақырылған қонақтар қатысты.

      Аудан әкімі Талғат Өмірәлиев бастаған зиялы қауымды мектеп оқушылары қолдарына ұстаған жалаушаларын желбіретіп қарсы алды. «Жаркент әуендері» халықтық ән-би ансамблінің орындауындағы күй ырғағына бөленген саябақта салтанатты шара басталып, сөз алған аудан әкімі Т.Өмірәлиев тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады. Осында ашылған спорт алаңы, жаттығу алаңы және балалардың ойын алаңы заман талабына сай жасалғандығын, мұның өзі ауыл жастарына көрсетіліп отырған игілікті іс екенін айтты. Сондай-ақ спорттың бұқаралық сипатын дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру-бүгінгі күннің басты талабы екеніне тоқталды.
      Шағын футбол алаңы, балалар ойнайтын комплекс және жаттығу алаңы болып барлығы 1220 шаршы метр болатын алаңның жалпы құны-60 миллион теңге.
       Бұл қаржыны «Самұрық-қазына труст» корпоративтік қорынан «Менің елім» бағдарламасы аясында алынғаны туралы көпшілікке ақпарат берілді.
Шарада Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» және М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Бексұлтан Нұржекеев, ауданымыздың бұрынғы әкімі, жерлесіміз Бердәулет Абдулдаев, Байбатшаев мектебінің ұстазы, жас маман Асқар Алмас сөз сөйлеп, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Көктал ауылының тұрғыны, Алматы облысының және Панфилов ауданының «Құрметті азаматы», ақын, этнограф Әдепхан Төреханұлы ақ тілегін айтып, бата берді.
Шағын спорт алаңының ашылу салтанатында лента қиылып, әжелер шашу шашты.
Жұмағазы Бейсебек.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4151461