Қорғаста жаңа сауда орталығы ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 31.10.2019 10:21
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1218
01.11.2019ж
Таяуда Қорғас Шекара Маңы Ынтымақтастығы Халықаралық Орталығында Белорусь елінің арнайы сауда орталығы ашылды. Еркін экономикалық сауда орталығында ашылған бұл жаңа сауда орталығы арқылы Белорусь елі өз тауарларын Қытайға шығаратын болады.
Сауда павильонының ашылу салтанатына арнайы келген Белорусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчиннің айтуынша, осы сауда орталығы арқылы Қытай нарығына қандай тауарлардың қажет болатындығы анықталмақ. Егер біздің өнімдерімізге сұраныс артып жатса Алматы облысында Белорусь елінің өнімдерін өндіретін боламыз,-деді ол.
Белорусь Республикасы Қытай еліне өз тауарларын мұхит арқылы бір ай көлемінде тасымалдаған болса, енді «Құрғақ порт» арқылы 15 күннің ішінде тасымалдап жеткізудің мүмкіндігі бар. Өткен жылы Қазақстан мен Белорусь елдері арасындағы сауда-саттықтың көлемі 1 миллиард теңгені қамтыған екен.
Қорғастағы жаңа сауда орталығының ашылу рәсіміне қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Белорусь Республикасынан келген меймандарды «Nur joly» және «Құрғақ порт» бекеттерінің жұмысымен таныстырды.
(Өз тілшіміз).