Өзекті мәселелер талқыланды

28.10.2019ж

Қазанның 28-і күні ауданымызға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған мониторингтік топ арнайы іс-сапармен келді.

    Жұмыс барысында аудандағы бірқатар мекемелерде болып, олардың жай-күйлерімен танысты. Кейбір мекемелердегі түйінін таппаған мәселелер талқыланып, мониторингтік топ мүшелерінің тарапынан қаралатынын және тиісті мекемелерге хабарланатыны айтылды.
     Мониторингтік топ аудандық «Nur Otan» партиясының ғимаратында болып қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындарының шешімі табылмаған өзекті мәселелері тыңдалып, жауапты мекемелерге арнайы тапсырмалар берілді. «Алдағы уақытта қоғамдық қабылдауда қаралған мәселелер мониторингтік топ тарапынан бақылауға алынатын болады»,-деді мониторнигтік топ мүшелері.
     Мұнан соң мониторингтік топ аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мониторингтік топ мүшелері, мәслихат депутаттары, мекеме және сала басшылары мен қызметкерлерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді.
    Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Ш.Бурхандинұлы ашып, жүргізді. Өз сөзінде ауданға іс-сапармен келген арнайы топтың негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Алғашқы сөз Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауы бойынша арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Д.Қыдырбаеваға берілді.
     Ол аудандағы өзі аралап көрген бірқатар мекемелердегі өзекті мәселелерді атап өтіп, қоғамдық кеңес мүшелерін бірге жұмыс жасауға шақырды. Өз сөзінде мониторингтік топтың жұмыс жасау жоспарын атап, осы топ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Сондай-ақ мониторингтік топтың хатшысы О. Қажмұханұлы және топтың басқа да мүшелері сыбайлас жемқорлық, азаматтық бақылау жұмыстары бойынша өз ойларын ортаға салды. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық еліміздің ең өзекті мәселесі болып отырғандығын әрі бұл дертпен бірлесе күресу барша халықтың, әсіресе мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті екендігін айтты.
    Жиын соңында қатысушылар арнайы мониторингтік топ мүшелеріне өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.
А.Хаметжанова.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840804