Намысты қолдан бермейтін Қасенхан!

01.11.2019ж

Жарайсың Қасенханым ардагерім,
Жасыңнан жігіттердің маңдайы едің.

Әлемнің чемпионы болғаныңда,
Білсең қуанғанын қандай елдің – деп ақындарымыз жырлағандай екі мәрте Еңбек Ері Головацкий атымен аталатын ауыл тұрғыны 58 жастағы палуан Қасенхан Серғазиевпен Головацкий атындағы орта мектептің акт залында оқушылармен әсерлі кездесу кеші болып өтті. Қасенхан Серғазиевті мектебіміздің директоры М.Тұрғанбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлбала Жұмағұлқызы жылы ықыласпен қарсы алып, ардақты ана Күлатай апамыз шашу шашты.
Биылғы жылдың 9 қазан күні Қасенхан Серғазиев Грузия мемлекетінің астанасы Тбилиси қаласында ардагер спортшылардың арасында әлем чемпионатында грек – рим күресінен 62 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Осылайша жаркенттік спортшы дүниежүзілік додада топ жарып, туркиялық Мехмет Кенен Бектасты айқын басымдылықпен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. Айта кетсек, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалін соңғы рет сонау 1999 жылы алған болатын. Ол кезде Мхитар Манукян Грекияның Афина қаласында өткен жарыста алтын медаль ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.
Ұлттық құраманың соңғы 20 жыл бойы жете алмай келе жатқан жетістігіне 58 жастағы Қасенхан Серғазиев қол жеткізгені біздің ауылымыз ғана емес, Қазақстан халқы үшін зор қуаныш. Палуан, жерлесіміз әлем чемпионы атанды. Кездесу кешіне оқушылар, ауыл тұрғындары қатысып, кеш өте әсерлі болды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Нұрбайқызы сөз алып, Қасенханның өте қарапайым, еңбекққор екенін, жеңістің еш уақытта оңай келмейтіндігін, бүгінгі күндегі ауданымыздың аңғал батырына кешігіп келген жеңістен ұзақ жылғы арман тілекгі Отанымызға деген патриоттығын айқындағынын, дәлелденгенін атап өтті. Осындай кештің өтуі оқушыларымызға үлкен үміт артып, болашақта да спортқа деген құлшынысының артыруына септігін тигізеді деп ойлаймыз. Біздің мектептің де оқушылары неше түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырғаны Қасенхан Серғазиевтің арқасы.
Қ.Серғазиевтің шәкірті Нұрбек те осы Головацкий атындағы мектептің түлегі еді. Спортшымен өткен кездесу кешінде 9 «а» сынып оқушысы Болат Айнараның орындауында әсем ән шырқалып, кездесу соңы оқушыларымыз палуанмен суретке түсіп, изгі ниетпен шығарып салуымен аяқталды.
Ш.Түгелбаева,
Головацкий атындағы
орта мектептің кітапханашысы.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840757