Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтеді
- Толығырақ
- Жарияланды 15.11.2019 03:31
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1136
15.11.2019ж
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.
Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.
Азаматтарды қабылдау Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша облыстық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 3-қабат) өткізіледі.
Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /7282/ 24-71-40 телефоны бойынша жүргізіледі.
Облыс әкімі аппараты
басшысының м.а. Ж.Әлімбеков