«Адал ұрпақ»- Жаркент өңірінде
- Толығырақ
- Жарияланды 15.11.2019 03:40
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1198
15.11.2019ж
Алматы облыстық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері жуырда Жаркент өңірінде болды. Олар осындағы әріптестерімен бірге қаламыздағы Х.Хамраев атындағы орта мектепте бас қосты.
Клуб мүшелерін аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлбала Жұмағұлқызы Орманбекова өңірімізге келуімен құттықтап, оларға жетістіктер тілейтінін жеткізді. Көршілес Ұйғыр ауданынан келген «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі шаралары жөнінде әңгімелеп өздерінің өнерлерін көрсетті. Бұдан соң Ұйғыр аудандық білім бөлімінің бас маманы Ғазиз Сәрсебеков ерікті мектеп клубының туын салтанатты түрде ауданымыздағы «Адал ұрпақ» ерікті клубы мүшелеріне табысталды. Бұл туды мектеп оқушысы Ерасыл Асылбеков қабылдап алды.
Бұдан кейін клуб мүшелері Көктал ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектеп оқушыларымен жүздесті. Қуанышпен айтар бір жай, осы аталмыш мектеп ұжымы Алматы облысы бойынша үздік шығып, 130 000 теңгенің сертификатын жеңіп алған болатын. Түрлі видеокөріністер көрсетіліп, ән-күймен әспеттелген. Бұл кездесу оқушыларға әдемі әсер қалдырды.
Енді бұл көшпелі ту көршілес Кербұлақ ауданына тапсырылатын болады.
(Өз тілшіміз)