Ұлт болашағы - жалынды жастар
- Толығырақ
- Жарияланды 15.11.2019 03:44
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1298
15.11.2019ж
13 қараша күні Головацкий атындағы орта мектебінде Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай түрлі іс-шаралар өтті. Атап айтқанда «Жылы жүрек», 5-7 сыныптарда «Өз құқықтарыңды білмесең, олардың қорғалуын талап ете алмайсың», 8-11 сыныптарда «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Сынып сағаттары өткеннен кейін осы іс-шараға арнайы шақырылған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Илипов, аталған бөлімнің бас маманы А.Қалибеков, Жаскент ауылдық округінің әкімі С.Бакетов, Жаскент ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Н.Дынмухамедұлы 5-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
«Жетісу - Адалдық алаңы» аясында оқушылар «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыстарымен танысты. Кездесу барысында Дәурен Куртибаев клуб мүшелерімен бірге мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу мақсатындағы атқарылған жұмыстар таныстырылды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының топ басшысы Ұ.Бақытжанқызы 15 оқушының жоспарлы түрде жұмыс жасап келе жатқанын ортаға салды. Олардың негізгі міндеттері мектеп оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» мақсатымен мектепте, ауылымызда, қоғамдық мекемелерде адал еңбекті, адалдықты насихаттау болып табылады.
«Адал ұрпақ» мүшелері ауданымыздағы мәдени ескерткіштердің тарихын насихаттап, таным жорықтарға, туған жердің тыныс тіршілігімен, табиғатымен таныстып отыратындығын жан-жақты әңгімелеп берді. Мектепте бірыңғай «Адалдық сағаты» өтіліп тұратындығын тілге тиек етті.
Еріктілер клубының мүшелері атқарған жұмыстары аудандағы жарыстарда бірінші орын, облыста екінші орынды иеленген жетістіктерінің де аз емес екендігі оның мектеп ұжымында қызмет етіп жатқан ұстаздарының игі жемісі екенін мақтанышпен айтып өтті.
К. Нұрбайқызы,
Головацкий атындағы
орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.