Ауданда қуаттылығы 100 МВт болатын күн электр станциясы салынады
- Толығырақ
- Жарияланды 21.11.2019 11:07
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1086
21.11.2019ж
Нұр-Сұлтан қаласында таза болашақты құру, күн электр станциясы құрылысының жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.
Аталған келісім Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының қолдауымен жасалып отыр.
Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Нұркент қалашығында қуаттылығы 100 МВт күн электр стансасын салу жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл халықаралық жасыл технологиялар орталығы мен инвестициялық жобалардың, сондай-ақ облыс әкімдігінің жемісті жұмысының нәтижесі екенін атап өткен жөн. Чехиялық инвесторлық компания жобаға 70 миллион еуродан астам қаражат салуды көздеп отыр.
-«ЭКСПО» көрмесінен кейін біз Қазақстанның болашағы зор нарық екенін түсіндік. Қазір дәстүрлі энергия көздері жоғары деңгейде ластануда. Осы орайда біз Қазақстанға жасыл экономика көздерін енгізуге қолдау көрсетуді ұйғардық»,-дейді «Sonnenergie» АҚ инвесторлар бөлімінің жетекшісі Ян Зонненшойн.
Төрт жақты келісімге қол қойған Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев шекаралық аумақта орналасқан ауданның ауа райы әрдайым жылы екенін, мұндай жобаны жүзеге асыру өте қолайлы екенін атап өтті. Болашақта Нұркентте жүз мыңнан астам халық болады. Кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешені дамиды.
Сондықтан бұл экономикалық, экологиялық жағынан да тиімді,-дейді аудан басшысы.
(Өз тілшіміз).