Тәуелсіздік күні қарсаңында Райымбек ауданында көп балалы аз қамтылған 14 отбасы баспаналы болады

28.11.2019ж

Райымбек ауданы биылғы жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындыламақ. Мәселен, соңғы 10 айда ауылшаруашылық өнімі 25,7 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 млрд 103 млн теңгеге артық орындалып отыр.

Аймақта атқарылған жұмыстар мен келер жылғы жоспармен аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов "Jetisu media" алаңына келіп бөлісті.

Райымбек ауданы ауылшаруашылыққа қолайлы мекен. Сондықтан осы саланың дамуы қарқынды. Аймақта қазір ірі қара, ұсақ мал мен егіншілікті кәсіп еткен  22 мыңға жуық шаруашылық бар. Оның 80-астамы асылдандырумен айналысады. Өңірде  картоп өсіріп оны өңдеу жұмысы да белсенді. Биыл6 000 гаалқапқа картоп себіліп, әр гектарынан 208 центнер өнім алынған. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен картоп өндіру бағытында 3 сервистік дайындау орталығы құрылды. Жыл басынан бері 316 млн теңгеге 80-нан аса ауылшаруашылық техника сатып алған.

2018 жылы бірінші Президент шешімімен бөлінген Райымбек ауданында келер жылы етті өңдеу, экспортқа шығару жұмысына ден қойылмақ. Мұнан бөлек, аймақта  ауылшаруашылығына инвестиция тарту жұмысы да қарқынды. Қақпақ ауылдық округіндегі қарақат алқабымен айналысатын "Тенгри Ленд" ЖШС 677,3 млн теңге қаражат тартты. Бүгінде 1 млн 265 мың дана қарақат көшеті мен 2 млн дана таңқұрай отырғызылды. 2020 жылы осыған тағы 1,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Сонымен қатар, ауданда құрылыс саласында да оң көрсеткіштер бар.    

Ауданымызда халықты тұрғын үймен қамту басты назарда. Биылғы жылы демеушілер көмегімен тұрмысы төмен отбасыларға 20 үй сатып алынып берілді және бюджеттен көп балалы аз қамтылған 14 отбасына  60 млн. 800 мың теңгеге тұрғын үй сатып алынып,  Тәуелсіздік күні қарсаңында беріледі,-деді Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов.

Атқарылған жұмыстар мен келер жылғы жоспармен бөліскен Райымбек ауданының әкімі, баспасөз мәслихатына келген журналисттердің көкейтесті сауалдарына жауап берді. Соның бірі - аймақтағы ғаламтор мәселесі болды. Аймақ басшысы бұл 2020 жылы толық шешілетінін жеткізді.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840911