Экономика:Өрлеу. Даму. Өсу.

10.12.2019ж

Аграрлық секторда алдыңғы қатардағы өңірдің өткенге өкпесі жоқ, келер жылға жоспары көп. Атқарылған істі сараптап, болашақты бағамдаған Марат Мелісұлы «Jetisy media» алаңында қорытынды есеп берді.

 Әуел баста айтып өткен аграрлық салада 35 млрд. 706 млн. 300 мың теңгенің өнімін өндіру жоспарланса, 10 айда 38 млрд. 253 млн. 900 мың теңгенің өнімі  өндірілген.

Аудан бойынша жалпы ішкі өнімнің көлемі 63 млрд. 330 млн.700 мың теңгені құрап, жан басына шаққанда 1 млн. 764 мың 086 теңгеден  айналды.

 

Аудан басшысының сөзіне  сәйкес, 2020 жылы ауылшаруашылық бойынша өндірілген өнім көлемі  42 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Сөйтіп,аудан келер жылы  бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізбек.

«Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген сияқты, астықтың айналасында жүргеннің жағдайы жақсармаса, кері кетпейтіні ақиқат. Бұл тұрғысында да Сарқан ауданы жарап тұр. Бүгінгі күнге дәнді дақылдардың 54 212 гектарынан 137 494 тонна астық жиналып, орташа өнімділігі гектарына 25,4 центнерден айналған. Ол дегеніміз  2018 жылмен салыстырғанда 24,8 центнерге артқанын көрсетеді.

Бұл аймақта да тәтті түбір қазынаны қампайтуға үлес қосып отыр. Алдымыздағы жылы 3052 га қант қызылшасы себілсе, биылғы жылмен салыстырғанда 202 га арттыру жоспарлануда деп мәлімдеді  әкім мырза.

 

Қандай» іс атқарылмасын барлығы ауданның әлеуетін арттыруға бағытталады. Осы орайлда мүйізді ірі қара етінен түсетін пайданы арттыру мақсатында, 10 мал бордақылау аланыңда 1900 мал бордақыланып, 1 - айналымында 925 бас сатылды, 2 - айналымда 975 бас мал бордақылануда.

 Әкідердің негізі жұмысы өзі басқарып отырған өлкеге инвестиция тарту болса,  Марат Разбеков  осы тұрғыда барын салуда. 2019 капиталға 6 млрд. 832 млн. 400 мың теңге инвестиция тартылған, аталған сандарды былтырғы жылмен салыстырсақ 155,8 пайызды құрайды.  Жыл соңына дейін инвестиция 8 млрд. 500 млн теңгеге жеткізіліп, жоспар 100 пайызға орындалады деп күтілуде. 2020 жылы 8 млрд. 560 млн. теңгеге инвестиция тарту болжануда.

Экономиканың дамуында туризмнің алар орны ерекше. Осы орайда «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесімен 11 экологиялық және мәдени-тарихи туристтік бағыттар белгіленіп, осы бағыттар арқылы 1500 турис жүріп өткен.

Сонымен қатар, Балқаш көлі жағалауында демалатын адамдар саны күннен күнге артып келеді. Тек былтырғы жылы 17 демалыс аумағында 35 мың адам демалуға келіп, жергілікті бюджетке 101 млн. 100 мың теңге салық түскен.

«Есепті кезеңде құрылыс саласында 5490 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,8 пайызды құрады. Жыл соңына дейін жоспар 6 000 шаршы метрге орындалады (2018ж- 5900 шаршы метр). Жыл басынан 6 млрд. 385 млн. 200 мың теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 185,1 пайыз. 2020 жылы құрылыс жұмыстарының көлемін 6 млрд. 400 млн. теңгеге жеткізу және 6 200 шаршы метр тұрғын үй салу  жоспарлануда»,- дейді Сарқан ауданынң әкімі Марат Разбеков.

 

Аудан бойынша халық саны 35 мың 900 адам. Оның ішіндегі 20628 экономикалық белсенді адам, жұмыспен қамтылғаны – 19534 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 5775 адам, жұмыссыз ретінде тіркелгені – 1094 адам (2018 ж-1048). Аудан көлемінде жұмыссыздық деңгейі 5,4%-тен 5,3%-ке жеткен.

Атаулы әлеуметтік көмек 1637 отбасы 9035  азаматқа, оның ішінде 6291 балаға 505 млн. 210 мың теңге тағайындалып, төленген.

Сонымен қатар Марат Мелісұлы 2020 жылы бастау алатын іргелі жобаларды атап өтті. Мәселен,  «МТиК» ЖШС-ң су электр станциясын салу жобасы инвестициялық жоба ретінде танылды. Жобаны іске асыру барысында 20 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру үшін жеке қаржы есебінен 6 млн. 960 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат тартылады.

 «АЗИЯ ГОЛД» ЖШС-і 2019-2020  жылдары қуаттылығы маусымына 200 тонна дайын өнім болатын дәрілік шөптерді қайта өңдеу зауытын салу,

«ВЭС 50 Мвт «Абай 2» ЖШС-гі 2019-2020  жылдары қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы жобасы іске асырылуы жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру үшін жеке қаржы есебінен 19,4 млрд теңге көлемінде қаражат тарту және 15 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840947