Ақсу ауданы: еңбек пен даму жолында

11.12.2019ж

Өтіп бара жатқан жыл ақсулықтар үшін табысты болды. Өңірдің даму көрсеткіштерімен, атқарылған жұмыстың саны мен сапасына аудан әкімі Есім Сейілханұлы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында  баяндады.

     Аудан экономикасының көтерілуіне сеп болатын бірден бір бағыт ол инвестиция тарту. Биылғы жылы    Ақсу өңіріне 9 млрд. 295 млн. теңге инвестициялар тартылып, нәтижесінде  2,8 есеге өсу байқалады. Бюджеттік емес инвестициялардың үлесі 6 млрд. теңгені құраған. 2020 жылға 12,6 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Инвестиция тартылса тұрғындарғада шабағаты тиері сөзсіз. Аудан халқының хал-ақуалын назардан тыс қалдырмайтын басшы мырза аудан бойынша жеке меншік есебінен 6400 шаршы метр тұрғын үйлер салынуына ықпал жасап, халықтың көңілін тапқан жайы бар.

«Жол азабын жүрген білер» дегендей, биылғы жылы  облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 10,4 шақырымы 617 млн. теңгеге орташа жөндеуден өткен. Осы қатарда Жансүгіров, Ойтоған ауылдарындағы күре жолдар жөндеуден өткен. Жалпы көлемі  11 шақырымды құрайтын ішкі автомобиль жолдары жөндеу жұмыстарынан өтіп, аудан орталығында арнайы велосипед жолы салынды.

Ақсулықтар «Еңбек» бағдарламасының да пайдасын көріп отыр. Олар    2019 жылға бекітілген кешенді жоспарына сәйкес 1571 адам жұмыспен қамтып өсім 101,3 % орындалды.

 Атаулық әлеуметтік көмек көптің керегіне жарары ақиқат. Оған қол жеткізуде біршама жұмысты талап етеді. Соған қарамастан жыл басынан 998 отбасына 516 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек берілген.

          Ақсу ауданының экономикасының өсіп – өркендеуіне тікелей ықпал ететін бірден бір бағыт ол - ауыл шаруашылығы. Биылғы жылдың 10 айында 29 млрд. 391 млн. теңгеге ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,7 % құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 34,6 млрд. 600 млн. теңгеге немесе   105,8 пайызға  жеткізу көзделіп отыр.

           «Ас атасы – нан» болса, онда үлкен астың дастарханнан үзілмеуі егіннің мол өнім беруіне тікелей байланысты. Осған орай ауданда барлығы  60 мың 379 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 1009  гектарға артып отыр (немесе 101,7 % артық  себілді). Ағымдағы жылы 30 мың гектар дәнді дақылдардан 23,5  центнерден 70 мың 665 тонна астық орылды.

- 10 мың гектар күздік бидайдан 21,6 центнерден 21 мың 939 тонна.

-  3 мың гектар жаздық бидайдан 21,7 центнерден 6 мың 349 тонна.

- 15 мың500 гектаржаздық арпадан  22,3 центнерден 34 мың 531 тонна

- 1 мың 200 гектардәндік жүгері 61,5 центнерден 7 мың 374 тонна.  «Ауданымыздың экономикасының флагманы «Ақсу қант» зауыты»,-  деп айтқан Есім Базарханов  ағымдағы жылы, қызылша жомын автоматты түрде тығыздауы  жаңа технологияны қолданғандары туралы өз сөзінде баяндады.  

          Есім Сейілханұлының айтуынша, себілген 2850 гектар қант қызылшасын, 375 центнерден 97 мың тонна тәтті түбір жиналып, «Ақсу қант» зауытына өткізілген.

          Келер жылға жоспар көп екенін жеткізген әкім «BBK Agro» ЖШС - 3000 бас ірі - қара малға арналған бордақылау алаңының құрылысы  басталғандығын айтты.  Оған тартылған инвестиция көлемі - 2 миллиард 400 миллион теңгені құрайды.    Сонымен қатар ауданда бір жыл көлемінде Көк-Сағыз өндірісіне бақбақ гүлін өсіру және Қазақстанда табиғи каучук өндірісін жолға қою мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

          2019 жыл Ақсу ауданы үшін қолайлы жыл болды. Құлагер ақын І.Жансүгіровтің 125 жылдық мерей тойы аталып өтіп, мерейтой аясында да ауқымды жұмыстар жасалды, бұдан арыда ауданда игі істер жалғасын таппақ. 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4143551