Ескелді ауданында 400 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы жоспарлануда

12.12.2019ж

Алдағы 2020 жылы Ескелді ауданында жаңа ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Оның бірі Бақтыбай ауылдық округінде 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасының құрылысы. Бұл туралы "Jetisy` media"КММ алаңында өткен брифингте Ескелді ауданының әкімі Рауан Рақымбеков мәлім етті.

 

         Жаңа нысан ауылдық округтің 5 тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етеді, жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгеден астам. Ескелді ауданында 2800-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді.

          "5251 адам 2818 шағын және орта бизнес нысандарында жұмыс істейді. 2019 жылы 14,9 миллиард теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 805 миллион теңгеге артық. Өсу қарқыны 105,7% құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 628 миллион теңге салық түсті, өсу қарқыны 101,6% құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін ШОБ субъектілерінен салық түсімін 680 миллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр", - деді Рауан Рақымбеков.

           Бұдан басқа, "Ауыл-Ел бесігі" жобасы аясында ауданда жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге жуық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жөндеу және салу бойынша 9 жоба жүзеге асырылуда.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840964