Ел әлеуеті басты назарда
- Толығырақ
- Жарияланды 12.12.2019 11:55
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1091
12.12.2019ж
2019 жыл - ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының тағыда бір сатыға көтерілген жылы болды.
Негізгі көрсеткіштерінің орындалуы бойынша, алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама жұмыстар атқарған Қаратал ауданының 2020 жылға да біраз жоспарлары да бар. Бұл туралы Қаратал ауданының әкімі Қайрат Найманбайұлы «Jetisy media» ақпараттық алаңында айтты.
Шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2527 бірлік, осы бағытта жұмыспен қамтамасыз етілгендер саны – 6193 адам.
Жалпы 2019 жылдың қаңтар айынан бастап аудан бойынша 1339 жаңа жұмыс орындары ашылды. Дегенменде жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,3 пайыз. (1314 адам жұмыссыз). Облыс бойынша көрсеткіш 4,6 пайыз, алдымыздағы жылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 2 жоба іске асырылуда;
1. Аудан аумағында «Қаратал селекция – гибридтық орталығы» мал өсіру шаруашылығы негізінде ет және шұжық өндіріс жобасы» Жобаның құны 5,4 млрд. теңгені құрайды.
2. «Секвойя Плюс» ЖШС-гі «Мұнай өңдеу зауытын жаңғырту» жобасы Жоба құны 240,0 млн. тенге, 30 жаңа жұмыс орны 2020 жылы іске қосылады.
Ауданда 2020 жылы 4 - инвестициялық жобалар іске асырылуы жоспарлануда, тартылатын жалпы инвестиция көлемі 5 млрд. 405 млн.теңге болады, ашылатын жаңа жұмыс орындары - 381:
Ағымдағы жылы аудан бойынша 2 көп қабатты тұрғын үй іске қосылып (100 пәтер) кілттері кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға табыс етілді, оның ішінде көп балалы отбасыларға 25 пәтер берілді. Барлығы: 62 пәтер.
Одан бөлек, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 37 жеке тұрғын үйлер сатып алынып көп балалы отбасыларына табысталды.
Алайда, бүгінгі күнге тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны артып келеді, жалпы кезекте - 1145 адам тұр, оның ішінде: 105 – көп балалы отбасылары, 358 – жетім балалар, 423 – әлеуметтік қорғанатын топтар, 259 – мемлекеттік және бюджет мекемелердің қызметкерлері.
40 пәтерлі үйдің құрылысына және инженерлік-коммуникациялық желісіне, 2 көп қабатты 60-пәтерлі комуналдық тұрғын үйге жобалық-сметалық құжаттар әзірленетін болады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 20 жеке жалға берілетін тұрғын үйлер салып, сонымен бірге, қосымша тағы 20 жеке жалгерлік тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірленеді.
4. Үштөбеде арық жүйелері бүгінгі күнге тозығы жетіп, бітеліп тұр. Арық жүйесін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, қосымша қаражатқа өтінім бердік.
5. Көппәтерлі тұрғын үйлерінде 24 жек қазандықтармен жабдықталған, олардың ішінде: 16 қазандықтар жертөлелерде орнатылды. Бұл қазандықтар құрылыс нормалары мен қазандық қондырғылары ережелерінің талаптарына сәйкес келмейді. Қазіргі таңда Үштөбе қаласын газ жүйелеріне және блочно модульдік қазандықтарына қосу үшін жобалық - сметалық құжаттамасын «Алматы Продашн Консташн Инвест» ЖШС-сі әзірлеп жатыр.
Үштөбе қаласын 3 кезең бойынша іске қосу кешендері көзделген, бұл аудан үшін тарихи сәт болып есептеледі, өйткені көгілдір отын жүйесі аудан аумағы бойынша мүлдем болмаған:
1 - кезең Айналмамен орталық қысыммен газ реттегіш пунктер орнатылады.
2 - кезең іске қосу кешендері бойынша тұрғын үйлерді қосады, сонымен қатар, 4 дана БМК орнатылады.
3 - кезең Үштөбе қаласы бойынша төмен қысыммен газ тарату жүйелері орнатылады.
Жоба бойынша 1-ші және 3-ші кезеңді іске қосу кешендерінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жеке инвесторлар «СТ-Инженеринг» ЖШС-гі жүргізеді. Орташа есеппен жеке тұрғын үйлерді газға қосу соммасы 350,0 мың теңгені құрайды.