ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

13.12.2019ж

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай ауданымызда әлеуметтік жағдайлары төмен 3 отбасының үйлері  табиғи газбен қамтамасыз етілді. Естеріңізге сала кетсек, тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары өткен жылы бастау алған болатын.  

   Жаркент  қаласын  табиғи газбен толықтай жабдықтау жұмыстары 2021 жылы аяқталып, одан кейін     Жаскент ауылдық округіне тартылатын болады. Осылайша таяу жылдарда табиғи газ құбырлары Панфилов ауданына қарасты барлық  ауылдық округтерге кезең-кезеңмен тартылады деген жоспар бар. 

    Тәуелсіздік мерекесіне орай көпбалалы Бақытгүл Исмагулованы,  жалғыз басты Рахилям Закированы, еңбек ардагері Иванова Надеждалардың отбасыларына қуаныш сыйлаған «АPL construction»  компаниясы мен Жаркент қаласының әкімдігі. Аталған 3 отбасы пәтеріне газ құбыры тартылып, керекті құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ арнайы газ плиталары да орнатылды. Осы жұмыстардың барлығы және жұмсалған қаражат «АPL construction» және «Газ құбыры»  компаниясының тарапынан жүзеге асты. Компания басшысы Артем Скрипниковтың айтуынша мерекеге орай атқарылған бұл  іс тұрғындардың игіліктері үшін іске асқан.

    «Үйіміздің іші жып жылы»,-деп қуанышты жүзбен қарсы алған отбасылар табиғи газбен қамтамасыз еткен компания басшылығына және қала әкімдігіне шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

     Тәуелсіздіктің бізге тартқан тартуы деп өз қуаныштарын сипаттаған бұл отбасылар ауданымызда іске асып жатқан барлық жұмыстарға сәттілік тілеп, осындай қайырымдылық жұмыстар әлі де жалғасын тапсын деген тілек білдірді.

А.Хаметжанова

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4841046