Маңызды мәселелер қаралды

13.12.2019ж

Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Р. Мағрупова, аудан әкімінің аппарат басшысы Е.Сқаков, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және бөлім басшылары қатысты.

Отырысты аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы А. Оспанов ашып, жүргізіп отырды. Кеңестің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудан әкімінің орынбасары Роза Мағрупованың «Әлеуметтік мәселелер бойынша жүктелген функциялардың 9 айдағы орындалуы және жұмысының нәтижелері туралы» есебі; Қоңырөлең ауылдық округінің әкімі Нұрлан Алимовтың «Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппаратының бюджеттік бағдарламаларды орындауы және әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы» есебі; «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Амантай Раевтың «2019 жылдың 10 айында атқарып жатқан жұмыстары туралы» есебі; Панфилов аудандық Қоғамдық кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын қарастыру және бекіту; Басқосу барысында кеңестің күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер бойынша шешім шығарылып, тиісті тапсырмалар берілді. Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізілді.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4840976