Өнеркәсібі өркендеген аудан
- Толығырақ
- Жарияланды 18.12.2019 11:03
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1107
18.12.2019ж
Әлеуметтің әлеуетін көтеретін бірден бірі бағыт ол-өнеркәсіп. Өткен жылды ойдағыдай қорытындылаған Кеген ауданы, келер жылдың жоспарын «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында жариялады.
Өнеркәсіп саласында 2019 жылдың 10 айында 7 млрд. 890 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріп, жылдың аяғында өнімінің көлемін 10 млрд. 98 млн. теңге жетізген ауданның ауыз толтырып айтар жетістігі аз емес. Аудан экономикасын көтеріп отырған өнеркәсіпті өркендету жалғасын таппақ. 2020 жылы өнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған бірнеше жобалар жолға қойылған.
Солардың бірі 2020 жылы өнеркәсіп саласын дамытуға байланысты «Alko Enerji», («Новотекс», «Восток ветерь») ЖШС-і арқылы жобалық құны 3 млрд. 300 млн. теңге, қуаттылығы 15 мВт болатын жел электр станциясының құрылысын салуды жоспарлауда. Ол үшін Кеген ауылы маңынан 50 га жер телімі бөлінген. Бүгінде жобалар мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба іске қосылған жағдайда 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Жалпы аудан көлемінде 2020 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі шамамен 10 млрд 603 млн. теңгені құрайды деп күтілуде (яки 102 %) . (2019 ж 10 млрд 98 млн. теңге болмақ).
Көлсай көлінің маңынан СПК «Талас» марал шаруашылығын ашуды жоспарлануда. Негізгі мақсаты демалушыларға пантамен емдеуді дамыту. Инвестиция көлемі 300 млн. теңгені құрамақ. Одан бөлек, Қарқара ауылынан СПК «Талас» 400 бастық тауарлы сүт фермасын ашылады. Жоба құны 420 млн. тенгені құрап отыр. Бүгінгі күнге Чехия мемлекетінен 60 бас «Сименталь» сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малын 51,0 млн. теңгеге сатып алып келді.
Аталған ауқымды істерді жүзеге асыру үшін инвестиция тарту қажет. Осыған орай 2020 жылға ауданға 5 млрд 450 млн. теңгеге инвестициясын тарту жоспарлануда.
Өңірдің дамуына үлес қосатын сала ол-кәсіпкерлік. Соған байланысты шағын және орта бизнес субьектілері (10 айда) 5 млрд. 571 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, бюджетке 1 млрд. 27 млн. теңгенің салығын төледі. Жыл аяғына 1 млрд. 100 мың теңге салық төленеді деп күтілуде.
Құрылыс саласына ойыссақ, аудан бойынша өтпелі мерзіммен 15 жеке тұрғын үй салынуда, 90 млн. теңгеге көпбалалы отбасыларына 18 үй сатып алынып берілді.
-«7-20-25» бағдарламасы бойынша (132 отбасы банкке жіберіліп) 4 отбасы оң қортындысын алып, алғашқы 10 % - ы төленген. Келесі жылға жас ұстаздармен дәрігерлерге және кезектегілерді тұрғын үймен қамтуға аудан орталығынан 36 жеке тұрғын үй салуды жоспарлаудамыз»,- дейді аудан әкімі Талғат Ескендірұлы.