Тәуелсіздік - ел бақыты
- Толығырақ
- Жарияланды 20.12.2019 10:47
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1107
20.12.2019ж
Барша қазақстандықтар сияқты ауданымыздың тұрғындары тәуелсіздік мерекесін салтанатты түрде атап өтті. Желтоқсан айының 14-і күні аудан орталығындағы Мәдениет үйінің алдындағы Желтоқсан оқиғасының құрбандары, жерлесіміз Е.Сыпатаев пен Л.Асановаға
орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Одан кейін аудан әкімі Талғат Өмірәлиев бастаған зиялы қауым Мәдениет үйінде салтанатты жиынды бастап кетті.
Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Т.Өмірәлиев барша көпшілікті мерейлі мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ тәуелсіздік алғалы бері қол жеткен жетістіктеріміз бен Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлемге танымал болғанымыз туралы баяндап, еңбек майталмандарына «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде табыс етті.
Шара барысында Үшарал ауылындағы қоғамдық кеңестің төрағасы А.Аюпов, Б.Назым мектебінен Г.Абдуллаева, дүнген этномәдени орталығы төрғасының орынбасары Р.Лосыева, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледж студенті Е.Блужникова сөз алып, мерекелік құттықтауларын айтты.
Салтанатты шара соңында көркемөнерпаздардың концерті тамашаланды.
Ж.Нұрақынұлы