Жаңа кітаптар жарық көрді
- Толығырақ
- Жарияланды 20.12.2019 10:55
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1189
20.12.2019ж
Жердің атауы ықылым заманнан бастап, сол жерді мекендеген ру – тайпаларымен дүйім халықтың тыныс-тіршілігі мен тығыз, қоян-қолтық бір арнада тоғысатыны белгілі.
Себебі туған жерге ат қойып, айдар тағып, оны болашақ ұрпақтарға мұра етіп қалдыратын да біздің бағзы заманнан бастап біздің рухани тегіміздің ата-бабаларымыздан қалған дат баспайтын, арнасынан аспайтын ұлттық, халықтық мұра.
Қазақ жұртына сан ғасыр атамекен болған сайын даланың бір бөлігі жерұйық – Жетісудың аймағына әйгілі Жаркент жазирасының табиғаты талайды тамсандырған. Осынау Қоңырөлеңнен-Қорғасқа дейінгі аумақтың батысында түгін тартсаң майы шығатын, суын ішсең бал татитын киелі жерде туып өскен Жаркент жерін жырға қосып, тарихын оқырман қауымға насихаттау барысында аудандық кітапхана мен балалар кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық кітапхананың оқу залында Әдепхан Төреханұлының «Өлке тарихы-ұлт мұрасы» және Қали Тұрдығазыұлының «Жаркент өңірі: өткені мен бүгіні» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері болып өтті.Тұсаукесер кешін аудандық кітапхананың кітапханашылары С.Мырзағали мен Н.Нұрғалиева жүргізіп отырды.
Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Илипов, Жаркент қаласының әкімі Талғат Нұрмолдаев, айтыскер ақын Байырқан Әбдікерімқызы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты, Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» ақын, жазушы Ислам-Ғали Үркімбайұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Нұрәділ Бегімбетов, Көктал ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлау Солтанқұлов, Білім беру ісінің озық қызметкері, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл, «Еңбек ардагері» медальдарының иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Молот Солтанаев, белгілі журналист, жазушы,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» Мырзағали Нұрсейітов, Жаркенттегі желтоқсан ұйымының төрағасы Мәулет Смағұлов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді. Тұсаукесер кешінде «Мәдениет баспалдағымен – өркениетке» атты кітап көрмеге шолуды балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлбақыт Ибраимова жасап, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Лаура Мүтән «Қазақстан бақ Отаным», «Мен сені сүйем өмір» атты әндерімен әрлеп отырды.
Тұсаукесер кешін аудандық кітапхананың директоры Дария Сұлтанбекова қорытындылады.
Акерке Аязбекова ,
аудандық кітапхананың
кітапханашысы.