Жұқа мұз, жарық-от: Қыстағы қауіп
- Толығырақ
- Жарияланды 23.12.2019 04:56
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1217
23.12.2019ж
«Jetisy Media» ақпараттық алаңында "жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын және пиротехникалық заттарды пайдалану қағидаларын сақтау және "қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу"тақырыбында брифинг өтті.
Жарық шамдар, әдемі кеш жаңа жылдық көңіл күйді бергенімен арты оқыс оқиғаға ұласып жатады. Сондай келеңсіз жайыттардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу тастады.
Қыс мезгілінде қауіптің артары анық. Жолдағы апаттар, мұзды жерлерде орын алатын жағдаяттар қахарлы қыстың қоғам қауіпсізгігіне ықпал ететінін аңғартады. Осы ретте Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздікті күшейту шараларын бастап кеткен.
Мәселен, қар құрсауында қалып қойып зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 10 стационарлы жылыту пункті, 3 жылжымалы жылыту пункті және 1 стационарлы вагон қараша айынан бастап Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолында Ырғайты асуында қойылған.
Зардап шеккендерді қабылдау және орналастыру үшін 6 күре жолдық медициналық-құтқару пункттерін пайдалану мәселесі пысықталып, кезекшілік ұйымдастырылған және жол техникасы мен адамдар бекітілген жолдардың қауіпті және қар басылатын учаскелері анықталды.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 13 мердігер ұйымдар бүгінгі күні 15 498т. тайғаққа қарсы материалдар, 621 т. жанар-жағармай материалдары, сондай-ақ қысқы кезеңде қар жинауға арналған 288 бірлік арнайы техникасы дайындады.
Мұз өткелдері, жаяу өту жолдары мен қысқы балық аулау орындары түгенделіп, барлық 11 өткелде және қысқы балық аулау орындарында жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық-ескерту қалқандары орнатылған. Жаңа жыл қарсаңында аталған қауіптер саны көбеймесе, азаймасы анық. Оған дәлел, 2018 жылдың 31 желтоқсанынан 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін Алматы облысының аумағында 16 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде 3 рет өрт шыққан.
-«Тәжірибе көрсеткендей, жаңа жыл мерекелерінде өрт саны артып келеді. Негізгі себептер-жанып жатқан шамдарды, ақаулы электр гирляндаларын пайдалану, сондай – ақ пиротехникаларды шағын зымырандарды, бенгал оттарын, отшашуларды пайдалануда айбайламаудан»,- азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Константин Леонидович. Пиротехникалық өнімдерді бақылаусыз өткізу және оны өрт қауіпсіздігінің қажетті шараларын сақтамай қолдану өрттің, адамдардың, көбінесе балалар мен жасөспірімдердің қаза болуына, жарақаттануына және тіпті өлуіне себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, гирляндалардың тұйықталуы салдарынан көптеген үйлерде өрттер орын алады.
Жаңа жыл кезінде өрт шықпау үшін мына ережелерді сақтау керек:
- жаңа жылдық шыршаларды пештерден, үй жылытқыш құралдар мен қыздырғыш элементтердің жанынан алшақ орналастырыңыз;
- шыршаны қағаз әрі мақтадан дайындалған ойыншықтармен безендірмеңіз. Ешқашан онда жанғыш шамды ілмеңіз;
- көзге қауіпсіз көрінетін болса да , кез - келген пиротехникалық бұйымдарды балаларға өз бетінше қолдануға рұқсат етпеңіз;
- отшашуларды алдын ала тексерілген ашық алаңдарда пайдаланыңыз. Қасыңыздағы адамдардан атқыш бұйымдар кеминде 15 - 20 метр қашықтықта тұруы қажет;
- қолданылып болған соң құралдың толықтай сөнгендігіне көз жеткізу керек;
- атқыш бұйымды қолданған кезде балаңыз бен құралдың арасының алшақтығын қатаң қадағалаңыз.;
- тұтанғыш жібі мен атылатын бағытының дұрыс тұрғандығына көз жеткізіңіз;
- бенгал шамдарын қолданған кезде, қолыңызды созып, өзіңізден алшақ ұстауға тырысыңыз;
- отшашулар мен кез-келген пиротехникалық бұйымдарды адамдардың көп шоғырланатын жерлерінде, жабық алаңдарда, мекемелерде, жанар жағар май бекеті мен тоқ пен газ құбырлары жүргізілген жерде қолдануға қатаң тыйым салынады;
- алғашында жанбай қалған пиротехникалық бұйымды екінші рет қолдануға тырыспаңыз.
Осы аталған қарапайым ережелерді сақтай отырып, Жаңа жылда өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріндегі қауіпті сейілте аласыз.