Көксу ауданында 50 үй пайдалануға берілді

30.12.2019ж

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Көксу ауданында 50 пәтерлі үй пайдалануға берілді.

 Береке шағын ауданында өткен салтанатты шараға аудан  басшысы Алма Әділ қатысып, шаңырақ иелерін қуаныштарымен құттықтады. «Халықтың әл-ауқатын арттырар бағдарламалар көптеп қабылданды. Соның бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі «Нұрлы жер» бағдарламасы.

 Жыл басынан осы бағдарлама аясында 41 отбасы баспаналы болып, тағы 7 отбасыға жаны жомарт жандар баспана сыйлады. Бүгінгі күні пәтерлі болу кез келген адамның арманы.

Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан аудан орталығында бүгінгідей жаңа көп қабатты үйлер көптеп бой көтеріп, қоныс тойын тойлайтын тұрғындар қатарының көбейе түсетіндігіне сенім мол. Биылғы жылдың өзінде ауданда  2917 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», - деді Алмас Қабдулұлы құттықтау сөзінде.

Айта кетейік 50 пәтерлі үйдің 10 үйі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 12 үйі көпбалалы аналарға, ардақты ана, алтын алқа иегерлеріне 5 үй, дәрігерлерге 2 үй, жанұясында мүгедек баласы бар отбасыларға 5 үй, I ,II топ мүгедектеріне 5 үй, зейнеткерлер мен жалғыз басты аналарға 11 үйдің кілті табысталды.

 Жалпы ауданда баспана кезегінде 828 адам тұр. Қаңтар айында 20 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2020 жылы 20 және 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4841151