Халықпен тікелей тілдесу
- Толығырақ
- Жарияланды 17.01.2020 08:54
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1129
17.01.2020ж
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өткізілуде.
Панфилов ауданының әкімі Талғат Әбенұлы Өмірәлиевтің аудан халқы алдындағы есебі Басқұнша ауылдық округінен басталды. Аудан әкімі мен округ әкімінің есебін тыңдауға Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нүсіпбаев, аудандық Мәслихат хатшысы Ерғали Шоқпаров, аудан әкімінің орынбасарлары Шухрат Құрбанов, Роза Мағрупова, аппарат жетекшісі Ербол Сқақов, аудандағы мекеме, ұйым басшылары және Басқұнша, Алмалы ауылының тұрғындары қатысты.
Күн тәрітібіндегі бірінші мәселе бойынша Басқұнша ауылдық округінің әкімі Қамза Насырбеков есеп беріп, ауылда атқарылған бірқатар жұмыстарды баяндады.
Округ әкімі Қамза Насырбеков 2019 жылғы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарып, салық түсімі ұлғайып, округтің бюджеті ұлғайғанын баса айтып өтті. Сондай-ақ округ әкімі білім, денсаулық сақтау саласын кеңінен саралады. Алда атқарылар тиісті жұмыстар мен міндеттерді атап көрсетті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Панфилов ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайы және даму перспективалары» туралы аудан әкімі Талғат Өмірәлиев есеп берді.
Бұл жолғы есепті кездесудің форматы жылдағыдан ерекше өрбіді. Еркін түрде өтті.
Аудан әкімі есебін 2019 жылғы қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауымен бастады. Ел дамуының айқындалған бағыттарына жеке-жеке тоқталды.
Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және қызмет саласы, салық және басқа да төлемдер жоспарының және бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы жайында айтып өтіп, ауыл шаруашылығы саласы туралы да баяндады. Ветеринариялық қадағалау жұмыстары, мал тұқымын асылдандыру жұмыстары туралы да сөз қозғалды.
Жер ресурстары, құрылыстағы күрделі жөндеу жұмыстары, аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де сырт қалмады.
Жолдарды жөндеу, электр желілері, елді-мекендерді абаттандыру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету басты міндет екендігін де еске салды. Білім, денсаулық салаларына да сараптама жасады.
Есепті жиында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Есепті кездесуден соң аудан әкімі Т.Өмірәлиев Басқұнша ауылдық округінің тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-тілектеріне жауап берді.
Бағдат Бейсенқызы.