Облыста ауыз су мен жол мәселесі шешімін табуда
- Толығырақ
- Жарияланды 19.02.2020 11:20
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1080
19.02.2020ж
2019 жылы Алматы облысын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі маңызды міндет қойған.Олар ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдардың сапасын арттыру.
Қазіргі таңда сумен қамтамасыз ету деңгей 91%-ға жеткен.Бірақ әлі де судың жетіспеуі мен сапасына байланысты мәселелер бар.Бұл мәселелерді шешу үшін Қаскелең қаласының және Қарасай ауданының жоғарғы бөлігінде орналасқан 23 елді мекенді сусен қамтамасыз ететін , Қаскелең топтық су құбырын жобалау жүргізілуде.
Бүгінде, Есік қаласы мен сегіз елді мекенде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан жалпы құны 4,5 млрд. долл тұратын топтық су құбырының жобасы әзірленуде.
Ағымдағы жылы барлығы330 кмсу құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.Сонымен қатар, таза ауыз суға тағы 5 ауыл қол жеткізеді және 21 елді мекенде су құбыры сапасы жақсартылады деп жоспарлануда.
Жол мәселесіне келетін болсақ,"Нұрлы Жол" бағдарламасының арқасында "Талдықорған-Өскемен", "Үшарал-Достық", "Құрты - Бурылбайтал", "Ұзынағаш-Отар"автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл барлық стандарттарға сәйкес келетін 1526 километрге жуық тамаша жол, соның есебінен облыстың транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайтылады деген үмітте.
Қазір жергілікті маңызы бар жолдардың 81% - ы қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 84% - ға жетеді деп жоспарға алынып отыр.Айта кетсек, бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар492 кмжол жөнделген, сондай-ақ 108 елді мекен ішіндегі кентішілік жолдар жөнделді.