Ішкі аудиттағы жаңа өзгерістер қандай?
- Толығырақ
- Жарияланды 21.02.2020 08:38
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1055
21.02.2020ж
Алматы облысы бойынша ішкі Мемлекеттік аудит департаменті заңдағы жаңа өзгерістерге байланысты жиын өткізді.Негізгі өзгерістер 2020 жылдың қаңтар айының басынан 1-ақпан аралығында енгізілген.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жаңа ережелерге сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату 3-1 тарауға қатысты қосылды.Көтерілген мәселелердің бірі өтінімді қамтамасыз ету болды.Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бірнеше лот бойынша Мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа өтінімді қамтамасыз етуді жеке ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамада бірқатар өзгерістер орын алды. Мәселен, Электронды дүкен. Бұдан былай ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап бір ғана жерден тауарды алу тәсілі арқылы құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды тікелей сатып алу жолымен интернет-дүкендердің тауарларын санаттайтын және агрегаттайтын тауарлардың электрондық каталогы (электрондық дүкен) арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ электрондық депозиттердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды толтыру мерзімі 2020 жылғы 29 ақпанға дейін ұзартылады.
Қаржылық тұрақтылықты кеңейту де заңда қарастырылған. Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №521, 2019 жылғы 29 шілдедегі №798 бұйрықтарына өзгерістер енгізілген болатын , осыған орай алдын ала біліктілік сұрыптауымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, "Мемлекеттік сатып алу туралы"заңда айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:
1) кірістер;
2) төленген салықтар;
3) негізгі құралдар;
4) еңбекке ақы төлеу қоры.
Айта кету керек, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады.
Гүлжанат Нұрасыл