Құрметті еңбек демалысына шықты

06.03.2020ж

Азат  Жапарұлы  Жақыбайдың  мемлекеттік  қызметте жүргеніне  табаны күректей  33 жылдың жүзі болды. Оның 23 жылын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы ретінде өткеріп,  көптің  құрметіне бөленді.

       Әр  түрлі деңгейдегі «Мақтау қағаздары» мен «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне-20 жыл», «Ауған соғысы ардагерлерінің 30 жылдығы» медальдары мен Қазақстан Республикасының «Даңқ  жұлдызы» орденінің иегері, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған А.Жапарұлы құрметті еңбек демалысына шықты.

                Аудандық  Мәдениет үйінде өткен «Алғыс айту» күні мерекесінде аудан әкімі Т.Өмірәлиев салтанатты жиын барысында әлеуметтік  еңбек саласының   үздігі  А.Жапарұлына  алғысын   жеткізіп, иығына  шапан  жапты.

                Ер  мерейі  еңбекпен  деген  осы  да.

(Өз  тілшіміз).

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4142839