Ақ желеңділерге құрмет көрсетті
- Толығырақ
- Жарияланды 23.04.2020 16:45
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1127
17.04.2020ж
"Біз біргеміз" республикалық акциясына Жаркент тұрғындары да қолдау көрсетуде. Орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің 40 қызметкеріне кәсіпкер, аудандық
мәслихатының депутаты Ұлан Сарпеков азық-түлікпен қатар қомақты көмек көрсетті.
-«Президентіміз бастаған акция қазір еліміз бойынша қолдау табуда. Кәсіпкер ретінде менде қолымнан келгенше көмек көрсеттім. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Осы орайда жанға араша болып еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне
алғыс білдіремін»,- деді кәсіпкер. Аудандық жұқпалы аурулар бөлімінің қызметкерлері бүгінге дейін карантинде жатқан 197 адамға қызмет көрсеткен. Қазір барлығы бақылауда.
Айта кету керек, Панфилов ауданында қазірге екі санитарлық бекет орнатылды. 24 сағат жұмыс істеп жатқан арнайы мамандарды аудан әкімдігінің қызметкерлері ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетуде.
Нұрбол ХАНАҒАТҰЛЫ,
аудан әкімінің баспасөз