ҰОС ардагеріне бір реттік көмек беруге 386 млн. теңге бөлінген
- Толығырақ
- Жарияланды 30.04.2020 06:10
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 975
25.04.2020ж
Батыр ұл-қыздардың майдан шебінен жеңіспен оралғанына биыл 75 жыл. Бұл тарихи күнді барша қазақ болып дүбірлетіп өткізетінбіз. Елдегі жағдайға байланысты атойсалып мепрейлі күнді атап өтудің жаң форматы енгізілді. Бұл ретте айтулы мерекенің басты қаһармандары ҰОС ардагерлері назардан тыс қалмақ емес. Барлығына бірдей әлеуметтік, материалдық көмек көрсетіледі дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Аманбайқызы.
Бүгінгі күні Талдықорған қаласында 10 Ұлы Отан соғысының ардагері, 1452 тыл ардагері, 65 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірі, фашизмнің тұтқыны болған 1 адам бар.
Жеңістің 75 жылдығына орай, облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысының қатысушыларына , мүгедектеріне, барлығы 10 163 адамға 1 жолғы материалдық көмек көрсетіледі. Осы үшін қазынадан 386 млн. теңге қарастырылған. Қазір облыс бойынша 64 Ұлы Отан соғысының ардагерлері бар , олардың әрқайсысына 1 млн. теңгеден берілді.
Жер әсемі Жетісу өңірінде қайтыс болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және жесірлеріне жалпы саны- 9521 адамға 30 000 теңгеден табысталады. Аталған қаржылай көмекті көрсету үшін бюджеттен 285 млн. 630 теңге бөлінген. Жоғары да айтып өткен қаржылар 30 сәуірге дейін ҰОС ардагерлеріне және барлық санаттағы тұлғаларға төленетін болады.
Сондай-ақ, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Қапашұлының айтуынша, 1-ші мамыр мен 9-шы мамыр аралығында облыс көлемінде 1728 онлайн-концерттер мен тікелей эфирлер өтеді. Және де 25 музей бұл аралықта 417 онлайн-экскурсиялар ұйымдастырад. Ал кітапханалар 1243 онлайн кітап көрмелері мен тарихи сағаттарын өткізетін болады. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер ұйымының сұрауымен «Отан үшін от кешкендер» атты кітап жарық көреді. Сонымен қатар, майдан шебінде орындалған әндерді бір таспаға жинақтап, ҰОС қатысқан ардагерлерге таратып беру көзделген.
Анар САБЫРОВА