Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
- Толығырақ
- Жарияланды 09.05.2020 06:57
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1107
09.05.2020ж
Құрметті соғыс және тыл ардагерлері!
Қымбатты жерлестер! Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс-қай кезде де салтанатты, әрі тебірентерлік жағдайда аталып өтілетін жалпыхалықтық мереке.
Ұлы Жеңіс халқымыздың биік рухы мен қайтпас қайсарлығының, Сіздердің өшпес өнегелеріңіздің символы іспеттес, сондықтан да ерліктеріңізге бас иеміз!
Кешегі кескілескен ұрыс даласында кеуделеріңізді оққа төсеп, жанкештілікпен шайқасып, елжандылықтың ерен үлгісін көрсеттіңіздер. Отан алдындағы перзенттік парызға деген идеалдықтарыңыздың кейінгі ұрпақ үшін ғибраты мол.
Жеңіс жолында миллиондаған адам жанын құрбан етті. Жауынгерлер от пен оқтың арасында туған жердің бір түйір топырағы үшін, бір сүйем жері үшін қасық қаны қалғанша күресті.Олардың рухына бүгін адамзат баласы тағзым етеді.
Ұлы Отан соғысын батырлықтың, төзімділіктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы үлгісі ретінде еске алуға тиіспіз. Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында қол жеткізген бұл Ұлы Жеңіс бүгінгі күні бізді жаңа биіктерге жетелейді, рухымызды жігерлендіреді, қиыншылықпен күресте қуат беріп, алға ұмтылдырады.
Құрметті ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, бақытты да берекелі ғұмыр тілеймін. Жеңіс күні құтты болсын!
Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.