Алматы облысының кейбір аудандарында карантин режимі күшейтілді

19.05.2020ж

Эпидемиологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне  байланысты Кеген, Талғар аудандарында, сондай-ақ Талдықорған қаласында карантин режимі күшейтілді.

 Бұл туралы "Jetisy media" ақпараттық алаңында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ хабарлады. Оның айтуынша, індет жұқтырудың жаңа жағдайларының тіркелуі  осы өңірлерде анықталған. Осыған сәйкес, сақтық шаралары қайтадан күшейтіліп отыр.

"Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирус ауруымен ауырғандар саны 212-ге жетті. Оның ішінде 73 пациент стационарлық емделуде. Науқастармен 2254 адам  байланыста болғаны анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша белсенді 3 ошағы бар. Бұл Талғар, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы. Демек, карантиндік шаралар күшейтіледі", – деп атап өтті Бауыржан Ысқақ.

Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Алматы облысында карантинді кезең-кезеңмен жеңілдету жалғасуда. Сонымен, 18 сәуірден бастап, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, блокпосталар алынып, маңызды нысандардың едәуір саны жұмысқа кіріседі.

"Жоспар бойынша, коронавирустық инфекциядан қолайсыз аумақтарды қоспағанда, аймақ аудандары мен қалалары арасындағы блокпосталар алынып тасталады. Қоғамдық моншалар, сауналар, СПА, массаж орталықтары жұмыс істей бастайды. Қызмет көрсету саласы, сыйымдылығы 30 орындық қоғамдық тамақтану, сондай– ақ жазғы алаңы бар ашық ауада жұмыс істейтін нысандар,азық-түлік және азық-түлік емес базарлар сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі", - деді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Асхат Чарапиев.

Бұдан басқа, жаңа қаулыға сәйкес, санитарлық-дезинфекциялық шаралар мен маскалық режимді қатаң сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар, шағын білім беру орталықтары, үйірмелер, техникалық қауіпсіздік бойынша жауапты құтқарушыларды даярлау және қайта оқыту, сондай-ақ күзет және басқа да мамандандырылған ұйымдар қайтадан жұмыс істейді. Стадиондар 50 орынға дейін ашылады. Қапшағай қаласында "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы " РМҚК жұмыс істей бастайды.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4841807