Оқу жылының аяқталуы туралы

29.05.2020ж
                                                                                                             
COVID-19  коронавирусының таралуы қоғамның барлық саласына елеулі өзгерістер енгізді, соның ішінде, білім беру саласына да.Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында қашықтан білім беру технологиялары негізінде жаңа форматта оқыту үрдісін енгізу бойынша жұмыстар атқарылды. 
Қашықтан оқыту технологиясын ары қарай дамыту, ауа райының қолайсыз жағдайында оқу үрдісін тоқтаптай жалғастыруға, денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушыны тиімді оқытуға, онлайн режимде ата-анамен тығыз байланыс жасауға, оқушымен оқу пәні бойынша үнемі жеке жұмыс жүргізу ғана емес тәрбиелік жұмыстарды да ұйымдастыруға да мүмкіндік береді.
Департаменттің өз жұмысын бүгінгі коронавирус пандемиясы кезеңінде туындаған жаңа талаптарға сәйкес қалыптастыруының қорытындысы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді әрекет етуі болып табылады.
Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған кезеңнен бері білім саласына қатысты түскен сұрақтарға шұғыл жауап беру алгоритмін құрды. Азаматтық қоғаммен тығыз байланыс тәжірибесі жинақталды. Бірде-бір телефон қоңырауы, әлеуметтік желідегі пікірлер назардан тыс қалмайды. Келеңсіз деректер және бұзушылықтар жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл түрде қарастырылып, көмек көрсету шаралары қолданылады
Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 25 мамырда аяқталды. Мектеп бітірушілер үшін аттестат тапсыру 3-4 маусымда өтеді. Мектеп бітіру шараларын өткізу барысында мектепке, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне сыйлық беру үшін қаражат жинауға және аниматорларлар шақыртуға, мерекелік үстелдер ұйымдастыруға, автокөлік жалдап, қалада серуен ұйымдастыруға, мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да көңіл көтеру мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға тыйым салынады.
ҰБТ өткізу мерзімі 20 маусым 05 шілде аралығында жоспарлануда. ҰБТ тапсыру форматы өзгермейді. Короновирус пандемиясына байланысты ҰБТ тапсыруға құжаттар негізінен онлайн режимде және былтырғы жылдағыдай дәстүрлі түрде қабылданды.
Биылғы жылы 131683-тен астам өтініш тапсырылды, бұл ҰБТ өткізу тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 2019-2020 оқу жылының аяғына Алматы облысының мектептерінде 15153 мектеп бітіруші бар, оның 75%-дан астамы (11494 бітіруші) ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.
Биылғы жылы ҰБТ тапсырудың ерекшеліктері:
- шектеу қойылатын шаралар: ата-аналар, педагогтар, бөгде адамдарға ұлттық бірыңғай тестілеу өткізетін пунктердің  аумағында жүруге тыйым салынады; ғимаратқа кіруден бастап әлеуметтік қашықтық сақталады; әуежайдағыдай бөгеу ленталары тартылады; 
- санитарлық шаралар күшейеді: түлектер залалсыздандырудың 5 түрінен өтеді: қолды залалсыздандыру, аяқ киімді залалсыздандыру, дене қызуын өлшеу, бетпердені респираторға ауыстыру.
2019 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтің мәртебесін айқындады және оның құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгіледі. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 409 бабына әкімшілік жауапкершілікке тартуда 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл көлемі енгізілді. Ағымдағы жылдың 1-сәуірінен, департаменттерге, педагог құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша, өкілеттілік анықталды.
Департамент қызметінің басқа бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Бүгінгі күні БАҚ беттеріне 30-дан аса мақала, департаменттің сайтына ақпараттар, FB, телеграм, инстаграм әлеуметтік желілеріне 500-ден астам постар жарияланды.
  Мемлекеттік органдар және тұрғындармен диалогтық көпір орнатуға департаменттің штаттық кестесіне, міндетіне бала асырап алу, қамқоршылық, балалардың қарусыз қалуына жол бермеу, тамақтандыру, тасымал, білім беру мекемелеріндегі демалыс және сауықтыру сұрақтары кіретін бірліктің қосылуы ықпал етеді.
Қосымша ақпаратты 8 (7282) 247991 сенім телефонына хабарласып немесе almoblcontrol.kz сайтынан алуға болады.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842024