Алматы облысында медұйымдарды қолдауға бағытталған ӘМСҚ-ның дағдарысқа қарсы шаралары қаралды
- Толығырақ
- Жарияланды 29.05.2020 11:16
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 1002
29.05.2020ж
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.Іс-шараның өтуіне себепкер болған белгілі қазақстандық журналистер мен блогерлер – Қоғамдық кеңес мүшелері болды.
Отырыс барысында Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов қазіргі таңда халықты толғандыратын келесідей сұрақтарға жауап берді: ӘМСҚ қаражатының жұмсалуы; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің үстеме ақысы; КВИ-ға ПТР-тестілеуден сақтандырылған адамдардың өту мүмкіндігі жайлы тақырыптар қозғалды.
«Біз халықты ақпараттандыру және пациенттерден кері байланыс алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізудеміз. Осы мақсатта Қорымызда сапалы медициналық қызмет көрсетуді дамыту үшін, өзекті мәселелерді талқылауға арналған Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамында жұмысты әділ бағалайтын түрлі салалардың тәуелсіз сарапшылары бар. Бүгінгі отырыс осыны растайды», – деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов.
Сонымен қатар, отырыста коронавирус індеті жағдайында медициналық ұйымдарды қолдау үшін ӘМСҚ-ның дағдарысқа қарсы шаралары қаралды.
ӘМСҚ Басқарма Төрағасы «Қор коронавируспен күреске және одан әрі қаржыландыру тактикасын анықтауда, медициналық қызметтерді жеткізушілердің қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін талдау жүргізді. Біз медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды және азаматтардың медициналық қызметтерді тұрақты алуын қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы бірқатар белсенді шараларды іске асырудамыз», – деді.
Үкіметтің қаулысымен COVID-19 алдын алу жөніндегі іс-шараларға республикалық бюджеттен қаражат Қор арқылы жүргізілді, себебі медициналық қызметтерге ақы төлеудің пысықталған тетігі болды. Жалпы эпидемияға қарсы іс-шараларға 55,9 млрд теңге қарастырылған. Бұдан басқа, КВИ бойынша қосымша іс-шараларға 23,4 млрд теңге бөлінді.
Қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар мәселелерді көтерді. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма төрағасы Абай Байгенжин Қордың жұмысын атап өтті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тек алғашқы қадамдар жасағанын ескере отырып, осындай қысқа уақыт ішінде оң нәтижелерге қол жеткізді деп ойлаймын. Қазақта: «Көш жүре түзеледі» деген сөз бар. Мен Қорға осы жолында табыс тілеймін. Біз Қоғамдық кеңес мүшелері ретіндегі көздеген мақсатымыз, ӘМСҚ-ның дұрыс және үдемелі бағыт бойынша жүретініне сенімді болу», – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Абай Байгенжин.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес ӘМСҚ жұмысына оң баға берді және оның медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелеріне жекелей тоқталатын болсақ, құрамына денсаулық сақтау саласының сарапшылары Мақсұт Құлжанов, Абай Байгенжин, Юрий Пя, Нұрлан Батпенов, Серік Ақшолақов, сондай-ақ саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер Айдос Сарым, Игорь Шахнович, Игорь Неволин, Расул Рысмамбетов, Расул Жұмалы, Марат Қайырбеков, Андрей Чеботарев және басқалар кірді.