1179 алакөлдік ағайын жұмыспен қамтылмақ

Алматы облысында жол картасы бағдарламасы аясында өңірлерде ілгерілеу бар. Мәселен, бір

ғана Алакөл ауданында 1179 адам еңбекпен қамтамасыз етілмек. Оның ішінде 592-сі жұмысқа тұрып үлгерген. Мұның барлығы қолға алынған 53 жобаның арқасында орындалу үстінде.

Жобалардың ішіндегі ең ауқымдысы Үшбұлақ ауылындағы мектеп пен мәдениет үйнің қайта жандануы болмақ. Қос нысанда қазір күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатта аймақ қазынасынан 1 млрд 69 млн теңге бөлінген. 

«Өңірде Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Мәселен, мектеп, мәденет үйі сынды ғимараттар күрделі жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, Алакөл ауданында жол, әлеуметтік нысандар салынып жатыр»,-дейді Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатов.

Ауылдағы ағайын үшін бұл қуанышты жаңалық екені даусыз. Өйткені іргетасы 1984 жылы қаланған мәдениет үйінің екінші тынысының ашылуы кімге де болса қуаныш. Айта кету керек, мәдениет ошағы 300 орынға лайықталған. Одан өзге білім ордасы да су жаңа күйге енгелі тұр. Жөндеу жұмыстары мамыр айының 5-ші жұлдызында басталған. Жоспарға сәйкес, тамыздың 25-сі күні аяқталуы тиіс. Бұл мектепте 120 бала білім нәрімен сусындайтынын айта кеткен жөн. Барлық нысандардың қайта жаңаруын "ASK AУЫЛ ҚҰРЫЛЫС" мердігер мекемесі өз мойындарына алған.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842108