Алматы облысында 47 түлек ҰБТ –ден шектетілген

24.06.2020ж

Мектеп бітіруші түлектің кезекті рет білімін сынайтын сынақ басталды. 21 маусымнан бастап өңірде  Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде.

 Биылғы жылы Алматы облысында 15 526 адам мектепті аяқтаса, соның ішінде 11 589 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген. Облыста 16 ҰБТ өткізу пункттері жұмыс істейді. Жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясына байланысты ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық сынақтан өтушілер залалсыздандырудың 5 кезеңінен өтеді.

«Білім сынағына тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамында арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым өкілдері  кіреді», - дейді Облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова. 

 ҰБТ өткізілген үш күнде 4093 оқушы өтініш берген, оның 98-і тестен өтуден бас тартса, 15- сырқаттанып қалған екен.  Үш күннің ішінде сынақ тапсырушылардың 47-і ереже бұзған. Осылайша тестен шеттетілген. Соңғы үш күннің ішінде 3933 оқушы білім сынағынан өткен.

Маусым айында тестілеуге кіргізілмеген, немесе ҰБТ нәтижелері жойылған болса түлек қаңтар айында екінші мәрте сынақтан өте алады. Шекіт балл жинаған жағдайда түлек  ЖОО-на ақылы негізде оқуға түсе алады. 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4842265